.

Полип | zdrav.kz
X

Электрондық поштаңызға соңғы жаңалықтарды алыңыз

X

Получайте самые последние новости на свой e-mail

Полип

Бұл не? Полип- бұл артық тіннен түзілген шағын түзіліс,қуыстық мүшелердің шырышты қабатынан, мысалы, ішек немесе несепзәр жолдарынан дамиды. Жиі полиптер мұрын қуысында немесе тамақта пайда болады. Полиптің кең негізі, немесе бағанасы болуы мүмкін.

Симптомдары полиптің орналасуы мен мөлшеріне байланысты. Бұлар полиптің қоршаған тіндерге қысымы әсерінен сонымен қатар полиптер өсу барысында ішек қуысын немесе жаңа жолдарды жабуы әсерінен пайда болуы мүмкін. Кейде полиптер аздаған қансырауға әкеледі.

Болжамы және емі. Полиптердің көбісі қатерсіз (қатерлі емес), бірақ уақыт өте келе олар қатерлі болуы мүмкін (қатерлі ісікке айналу).Көрсетілген себептерге байланысты алып тастау және қатерлі ісіктің өсуін микроскопиялық зерттеуге жіберу ұсынылады

 
Аударған: Тилеубергенова Гулжазира Таңатарқызы
Бұл сайтта берілген ақпарат Сізді қызықтыратын мәселемен жалпы танысуға арналғандықтан ауруларды немесе денсаулыққа байланысты қандай да бір мәселелерді анықтау және емдеу үшін қорытынды негіздеме болмайды.
 
Ауруларды немесе денсаулыққа байланысты қандай да бір мәселелерді анықтау және емдеу үшін медициналық ЖОО аяқтағандығы жөнінде сәйкес дипломы бар дәрігерге көрініңіз. Шұғыл жағдайларда «Жедел жәрдем» қызметіне хабарласыңыз.