Пресбикуаз (Кәрілік кереңдік)
Кәрілік кереңдік - бұл жаспен байланысты үдемелі дамитын жоғары жиіліктегі толқындарды есту қабілетін жоғалту. Бастапқы белгісі- әсіресе фондық шулар кезінде сөйлеуді қабылдаумен байланысты қиындықтардың болуы.
Кәрілік кереңдіктің пайда болуында қатты шулардың ұзақ уақыт әсері сияқты себебі бар ма белгісіз. Бірақ бұл генетикалық бейімділік екені, яғни отбасында жасқа байланысты біртіндеп есту қабілетін жоғалтуға (пресбиакузис) бейімділік бары таңғалдырады.
Есту қабілетін жоғалту сирек 55 жастан ертерек басталса, ортаңғы құлақтағы жүйке жасушалары 30 немесе 40 жастан кейін саны азаяды. Бірақ есту қабілетін жоғалту кәрілік кезеңнің міндетті бөлшегі болып табылмайды, көптеген адамдар есту қабілетін 80 жасқа дейін сақтайды.
Жасқа байланысты есту қабілетін жоғатудың емі қазірге белгісіз. Емі қызметін жақсартуға бағытталады, мысалы, есту аппараттарын пайдалану.
Аударған: Тилеубергенова Гулжазира Таңатарқызы