.

Приапизм – ұзақ эрекция | zdrav.kz
X

Электрондық поштаңызға соңғы жаңалықтарды алыңыз

X

Получайте самые последние новости на свой e-mail

Приапизм – ұзақ эрекция

Мазмұны

Жалпы ақпарат

Ишемиялық приапизм

Ишемиялық емес приапизм

Қашан дәрігерге көріну қажет

Өзіңіз не істей аласыз

Дәрігерден не күту қажет

Өзіңіз не істей аласыз

Медициналық сырқатнама және қарап көру

Диагностикалық тексерулер

 

Жалпы ақпарат

Приапизм деп жыныстық мүшенің ұзақ уақыт бойғы эрекциясын атайды. Жыныстық  ынталандырудан немесе қозудан болмаған, қажетті емес, тұрақты эрекция (приапизм) әдетте, ауырсынумен өтеді.

Приапизм – қалыпсыз жағдай, тез арадағы медициналық көмекті қажет етеді. Эрекцияны қолдауға қабілетсіздікке (эректильдік дисфункция) апаратын тіндердің зақымдануын болдырмас үшін уақытылы емдеуді өткізу қажет. Приапизм көбінесе, 5-10 жастағы ұлдар мен 20-50 жастағы ерлерде пайда болады. 

 

Ерлердің репродуктивтік жүйесі

Приапизм жыныстық ынталандырумен байланысты емес, ауытқулы тұрақты эрекциямен сипатталады. Приапизмнің симптомдары оның түріне қарай ерекшеленеді. Екі негізгі түрі бар: ишемиялық және ишемиялық емесе приапизм.

 

Ишемиялық приапизм

Ишемиялық приапизм пенистен қан ағымының қайтуының бұзылысымен байланысты. Бұл кең таралған түрі. Оның белгілері мен симптомдары:

·         Қажетті емес эрекция, төрт сағаттан артыққа созылатын.

·         Қажетті емес эрекция, басылып, бірнеше сағаттан кейін қайта пайда болады.

·         Жыныстық мүше, әдетте, ширығулы болады, бірақ ұшы жұмсақ болады.

·         Ауырсынатын немесе ширыққан пенис.

 

Ишемиялық емес приапизм

Ишемиялық емес приапизм пениске келетін қан ағымы күшейгенде пайда болады. Бұл түрі ауырсынбайды. Оның симптомдары келесідей:

·         Қажетті емес эрекция, төрт сағаттан артыққа созылатын.

·         Эрекцияланған, бірақ, ширықпаған пенис.

 

Қашан дәрігерге көріну қажет

Егер эрекция төрт сағаттан артыққа созылса, шұғыл медициналық жәрдемге жүгіну қажет. Егер ауырсынатын, ұдайы эрекцияны сезінетін болсаңыз, және ол төрт сағаттан кем уақытта өздігінше өтетін болса, дәрігерге көрініңіз. Бұл көріністердің қайталануын болдырмас үшін, сізге емдеу қажет болуы мүмкін.

Эрекция әдетте, дене немесе психологиялық ынталандыруға жауап ретінде болады. Бұл ынталандыру белгілі бір қантамырларының кеңеюін және босаңсуын туындатады, пенистегі кеуекті тінге қан ағып келуін арттырады. Демек, қан пенисті толтырып, эрекция пайда болады. Ынталандыру аяқталғаннан кейін қан қайтуы орын алады, пенис өзің бос күйіне оралады.

Приапизм осы жүйенің қандай да бір бөлігі – қан, қантамырлары немесе нервтер – қалыпты қан ағымына әсер етіп, оны бұзғанда пайда болады. Кейіннен қажетті емес эрекция сақталады. Приапизмнің пайда болуына ықпал ететін факторлар:

·         Қан аурулары, мысалы, лейкемия

·         Кейбір дәрілік препараттар, мысалы, антидепрессанттар, антикоагулянттар

·         Алкоголь мен есірткі тұтыну

·         Жарақаттар  

·         Басқа  факторлар, мысалы, тромб қалыптасуы, жұлынның жарақаты.

Кейбір жағдайда дәрігер приапизмнің себебін анықтай алмайды.

Ишемиялық приапизм күрделі асқынуға апаруы мүмкін. Пенистен қайтпайтын қан оттегіге жұтаң. Эрекция төрт сағаттан артыққа созылса, осы оттегіге жұтаң қан жыныстық мүше тіндерінің зақымдануын және бұзылысын туындатады. Нәтижесінде, емделмеген приапизм келесілерге апаруы мүмкін:

·         Эректильдік бұзылысқа – жыныстық мүшенің жыныстық қозу нәтижесінде эрекцияның пайда болуына және қолдауына қабілетсіздігі

·         Пенистің деформациясы

Егер сізде немесе балаңызда ауырсынатын эрекция болса, ол төрт сағаттан кем уақытқа созылса, немесе қажетті емес, тұрақты эрекция көріністері болса, дәрігерге көрініңіз. Эрекция төрт сағаттан артық уақытқа созылса, сізге шұғыл медициналық көмек көрсетілуі қажет.

Дәрігер сізге репродуктивтік және несеп-жыныстық ағзалар бойынша маманнан (уролог) кеңес алуды ұсынады.

Егер сізде дәрігер келгенге дейін уақытыңыз болса, оның қоюы мүмкін сұрақтарына жауап дайындаңыз.

 

Өзіңіз не істей аласыз

·         Барлық симптомдарды жазыңыз, сіздің ойыңызша, тұрақты эрекцияға қатысы жоқтарын да.

·         Өзіңіз қабылдап жүрген дәрілердің, кез келген дәрумендер мен тағамдық қоспалардың тізімін жасаңыз. Қабылдаған дәрілік препарат немесе тағамдық қоспа туралы дәрігерге хабарлаңыз.

Дәрігерге өзіңіздің қоятын сұрақтарыңызды жазып алуға болады:

·         Тұрақты эрекцияның себебі қандай?

·         Қандай тексерулер қажет болуы мүмкін?

·         Қалай бұл мәселенің болашақта пайда болуының алдын алуға болады?

·         Дәрілік препарат қабылдау қажет пе?

·         Дене жүктемесінен, жыныстық қатынастан алшақ болу қажет пе? Қаншалықты ұзақ?

·         Приапизм  эректильдік бұзылыстың даму қаупін арттырады ма?

·         Брошюралар немесе қандай сайттарды ұсына аласыз, приапизм туралы толық ақпаратты табу үшін?

Егер сізде басқа сұрақтар пайда болса, немесе бірнәрсені түсінбей қалсаңыз, қарап тексеру кезінде сұрақтарыңызды қойыңыз.

Қашан дәрігерге көріну қажет

Дәрігер қайталанатын тұрақты эрекция көріністері туралы бірқатар сұрақтар қоюы мүмкін. Бұл келесідей сұрақтар:

·         Қашан алғашқыда бұл симптомдар пайда болған?

·         Эрекция қаншалықты ұзақ болды?

·         Эрекция кезінде ауырсынуды сезіндіңіз бе?

·         Оның алдында жыныстық мүшенің немесе шап аумағының жарақаты болды ма?

·         Нақты бір заттекті, мысалы, алкоголь, марихуана, кокаин немесе басқа есірткіні тұтынғаннан кейін қажетті емес эрекция болды ма?

·         Дәрілік препараттарды қабылдайсыз ба, оның ішінде, эрекциялық бұзылысты емдеу үшін? Қандай да бір шөптесін немесе тағамдық қоспаларды қабылдайсыз ба?

Сондай-ақ, дәрігер талдауды тағайындайды, приапизмнің қандай да бір аурулармен байланысын тексеру үшін.

 

Өзіңіз не істей аласыз

Дәрігермен кеңеспестен дәрілік препараттарды қабылдауды тоқтатпаңыз. Тұрақты эрекцияны туындатуға қабілетті препараттарды қабылдамаңыз.

Егер эрекция төрт сағаттан артық уақытқа созылса, шұғыл көмек қажет. Алдымен дәрігер приапизмнің түрін анықтайды (ишемиялық немесе ишемиялық емес). Бұл қажет, себебі, емдеуде айырмашылығы бар, сондай-ақ, ишемиялық түрі болуында шұғыл көмек көрсетілуі тиіс.

 

Медициналық сырқатнама және қарап көру

Приапизмнің түрін анықтау үшін дәрігер бірқатар сұрақтар қояды. Жыныстық мүше, іш, шап аумақатарын қарайды. Дәрігер жыныстық мүшенің сіресуі мен сезімталдығын негізей отырып, приапизмнің түрін анықтайды. Қарау барысында приапизмнің пайда болуына ықпал еткен жарақаттың немесе ісіктің белгілері табылуы мүмкін. Жарақаттар кезінде ишемиялық емес приапизмнің пайда болуы ықтимал.

 

Диагностикалық тексерулер

Диагностикалық тексерулер аурудың түрін анықтау үшін қажет. Қосымша тексерулер оның себебін анықтайды. Егер дәрігер приапизмнің түрін анықтап, сенімді болса, барлық тексерулердің нәтижесі алынғанға дейін шұғыл емдеуді бастай береді. Диагностикалық тексерулерге жататындар:

·         Қандағы газдарды анықтау. Тексеру барысында жіңішке ине жыныстық мүшеге енгізіледі, қан үлгісін алу үшін. Қан қошқыл түсті болса – оттегінің мөлшері төмен, бұл ишемиялық приапизм. Егер қан ашық-қызыл түсті болса, приапизм – ишемиялық емес. Қандағы газдарды зертханалық анықтау приапизмнің түрін растайды.

·         Қан талдауы. Қандағы эритроциттер мен тромбоциттер санын анықтау қажет. Нәтижелер орақ жасуша тәрізді анемия, қанның басқа аурулары немесе қатерлі ісіктің кейбір түрлері туралы куәландыруы мүмкін.

·         УДТ (УЗИ). Допплерография жасалуы мүмкін. Бұл тексеруде ішкі ағзалардың бейнесін алу үшін дыбыстық толқындар қолданылады. Тексеру пенистегі қан ағымын зерттеу үшін тағайындалады. УДТ приапизмнің пайда болуының негізгі себебі болуы мүмкін жарақаттарды, ісіктер мен ауытқуларды анықтауға мүмкіндік береді.

·         Токсикологиялық зерттеу. Дәрігер бұл тексеруді науқастың қанында немесе несебінде есірткі немесе приапизмнің себебі болуы мүмкін препараттарды анықтау  мақсатында тағайындайды.

Ишемиялық приапизм

Ишемиялық приапизм, пенистен қан ағымы қайтуының бұзылысының нәтижесінде пайда болады, бұл шұғыл жағдай, және емдеудің шұғыл басталуын талап етеді. Емдеу әдетте, жыныстық мүшеден қан айдаудан және дәрілік препараттарды қабылдаудан басталады.

·         Аспирация. Пенис жергілікті анестетикті қолданғаннан кейін жансызданғанда, одан жіңішке инемен немесе шприцпен қанның артығы алынады. Бұл ем-шараның аясында жыныстық мүшенің көктамыры физиологиялық ерітіндімен шайылуы мүмкін. Мұндай емдеу ауырсынуды басады, оттегіге жұтаң қанның артығын жояды, және эрекцияның тоқтауына ықпал етеді. Бұл ем-шара эрекция аяқталғанға дейін қайталануы мүмкін.

·         Дәрілік  препараттар. Пенистің кеуекті тініне альфа-адренергиялық симпатомиметиктердің препараттары енгізілуі мүмкін. Бұл  препараттар пенисті қамтамасыз ететін қантамырларын тарылтады. Бұл пенистен қан ағымы қайтатын қантамырының кеңеюіне ықпал етеді. Қажет болса, бұл ем-шара бірнеше сағат ішінде қайталануы мүмкін. Бірақ, жанама әсерлері болуы мүмкін, мысалы, бас ауыруы, бас айналуы, және жоғары артериалдық қысым, әсіресе, егер артериалдық гипертония немесе жүрек аурулары болса.

·         Хирургиялық емдеу. Егер басқа емдеу әдістері көмектеспесе, хирург қан ағымын басқа бағытқа бұру және жыныстық мүшеде қалыпты қан ағымын қалпына келтіру  үшін құрылғы қондыруы мүмкін (шунт).

·         Қосымша емдеу. Егер орақ жасуша тәрізді анемия болса, қосымша емдеу тағайындалады, мысалы, оттегімен емдеу, сусыздануды болдырмас үшін көктамыр арқылы сұйықтық енгізу. 

Ишемиялық емес приапизм

Ишемиялық емес приапизм көбінесе, емдеусіз өтеді. Жыныстық мүше тіндерінің зақымдану қаупінің пайда болуы болмайтындықтан, дәрігер бұл жағдайды бақылауға алуды ұсынады. Пенис  пен анус аралығындағы аумаққа мұз басу және қысым жасау – эрекцияны басуға көмектесуі мүмкін. 

Кейбір жағдайларда пениске қан ағымы келуін тежеу үшін кейіннен еріп кететін арнайы материалдан жасалған затты хирургиялық жолмен қондыру қажет болуы мүмкін. Сондай-ақ, операция жарақаттан кейін қантамырларды және тіндерді қалпына келтіру үшін қажет болуы мүмкін.

Приапизмнің себебіне байланысты бұл жағдайдың қайтадан пайда болуының алдын алу үшін ұсыныстар беріледі:

·         Приапизмді туындатқан ауруды емдеу

·         Бұл жағдайдың себебі болған дәрілік препараттарды алмастыру

·         Алкоголь және есірткі секілді туындатушы факторлардың әсерінің алдын алу

·         Фенилэфрин инъекцияларын өздігінше жасау, олар ұзақ уақыт бойғы эрекцияны тоқтатуға көмектеседі

·         Гормондарды тежейтін дәрілік препараттар – тек ересек жастағылар үшін. 

Бұл сайтта берілген ақпарат Сізді қызықтыратын мәселемен жалпы танысуға арналғандықтан ауруларды немесе денсаулыққа байланысты қандай да бір мәселелерді анықтау және емдеу үшін қорытынды негіздеме болмайды.
 
Ауруларды немесе денсаулыққа байланысты қандай да бір мәселелерді анықтау және емдеу үшін медициналық ЖОО аяқтағандығы жөнінде сәйкес дипломы бар дәрігерге көрініңіз. Шұғыл жағдайларда «Жедел жәрдем» қызметіне хабарласыңыз.