Простатит (Қуық асты безінің қабынуы)
Қуық асты безінің қабынуы (простатит) - бұл ерлерде қуықтан төмен орналасқан жаңғақ тәрізді мүше қуық асты безінің қабынуы. Қуық асты безінің көп бөлігі ұрық сұйықтығын бөледі.
Жиі простатиттің даму себебі белгісіз болып қала береді. Простатиті бар ер адамдардың көбісінде қабыну белгілері болмайды, сондықтан оның нақты себебін анықтау мүмкін емес. Простатиттің себебі болып инфекция немесе инфекциямен байланыссыз қабыну болып табылады. Ол жедел (қысқауақыттық) немесе созылмалы (ұзақуақыттық) болуы мүмкін.
Простатит симптомдарына жатады:
- Зәр шығаруға жиі сұраныстар, бірақ аз көлемде ғана зәр шығару. Сонымен қатар зәр шығарғанда күйдіру сезімі және қуықты толық босата алмау.
- Зәр шығарудың бастапқы кезіндегі қиындықтар, үзілмелі ағым ( үздіксіз зәр шығару орнына толқын тәрізді зәр шығару), қалыптыға қарағанда өте әлсіз, тамшылатып зәр шығару.
- Бел аймағында, ұма мен анус аймағында, іштің төменгі жағында, ұмада, саннан жоғары, қасаға аймағынан жоғары ауру сезімі және дискомфорт.
- Түнгі уақытта шектен тыс зәр шығару.
- Қуық асты безіндегі ауру сезімі немесе эякуляция кезіндегі белгісіз дискомфорт.
Простатитті емдеу пайда болу себебіне байланысты. Көп жағдайда медикаментозды емді қажет етеді.
Аударған: Тилеубергенова Гулжазира Таңатарқызы