.

Розеола (қызғылт дақ) | zdrav.kz
X

Электрондық поштаңызға соңғы жаңалықтарды алыңыз

X

Получайте самые последние новости на свой e-mail

Розеола (қызғылт дақ)

Мазмұны

Жалпы ақпарат

Себептері

Симптомдары

Диагностика

Емдеу

Мүмкін асқынулары

Қашан дәрігерге көріну қажет

Алдын алу

Синонимдары

 

Жалпы ақпарат

Розеола - бұл вирустық инфекция, әдетте, емшек еметін және жас сәбилерде кездеседі. Қызғылт-қызыл бөріткенмен және жоғары температурамен сипатталады. Розеола – бұл қызамық емес; бұл аурулардың арасында сәл айырмашылық бар. Розеола қауіпті емес, симптоматикалықтан басқа емдеуді қажет етпейді, тез уақытта өздігінше өтеді.

Себептері

Розеола 3 айлықтан бастап 4 жасқа дейінгі сәбилерде жиі кездеседі, көбінесе, 6 айлықтан бастап 1 жасқа дейінгі сәбилерді зақымдайды.

Вирустың қоздырғышы – адамның 6 типті герпес вирусы (HHV-6). Бірақ, басқа вирустық ауруларда да ұқсас симптомдары пайда болуы мүмкін.

Симптомдары

Жұқпалану мен симптомдардың пайда болуының арасындағы уақыт  (инкубациялық кезең) : 5-15 күн.

Алғашқы  симптомдары:

•        Көздің қызаруы

•        Жалпы әлсіздік, жылауқорлық

•        Мұрынның ағуы

•        Көмейдің ауырсынуы

•        Температура тез жоғарылап, 40°С дейін жетуі мүмкін, 3 - 7 күн бойы болады.

Ауру басталғаннан кейін 2-4 күн өткенде температура түсіп, бөріткен пайда болады. Бөріткен, әдетте:

•        Денеде пайда болады, одан кейін қол-аяққа, мойынға және бетке көшеді

•        Қызғылт немесе қызғылт –қызыл түсті

•        Терінің үстінде сәл көтеріліп тұрған шағын ойық жаралары бар, 

 

Розеола үшін қызғылт, тегіс немесе терінің үстінде сәл көтеріліп тұрған,  диаметрі 2 -3 мм болатын бөріткендер бар.

Бөріткен бірнеше сағаттан 2-3 күнге дейін созылады. Бұл ауру кезінде, әдетте, қышу болмайды.

Диагностика

Дәрігер баланы қарап, аурудың сырқатнамасын сұрайды. Қараған кезде мойынның, құлақтың (артқы) лимфа түйіндерінің ұлғаюы байқалады.

Емдеу

Розеоланы телімді емдеу түрлері жоқ. Ауру, әдетте, өздігінше, асқынусыз өтеді.

Ацетаминофен немесе Ибупрофен тобының қабынуға қарсы дәрілері, сондай-ақ, суық суға салынған губкамен ысқылау температураны түсіруге ықпал етуі мүмкін. Температура артқанда кейбір балаларда құрысу пайда болады. Бұл жағдайда жедел медициналық жәрдемді шақыру немесе жақын жердегі медициналық көмек көрсету орнына хабарласу қажет.

Мүмкін асқынулары

•        Асептикалық менингит (сирек жағдайда)

•        Энцефалит (сирек жағдайда)

•        Қызба кезінде құрысу.

Қашан дәрігерге көріну қажет

Келесі жағдайларда медициналық жәрдемге жүгініңіз, егер:

•        Жоғары температура, қабынуға қарсы қызу түсіретін препараттарды (ацетоминофен немесе ибупрофен) және суық компрессті қолданудан түспейтін болса

•        Жалпы жағдайдың нашарлауы

•        Әлсіздік, нашар сезіну, жылауқорлық.

Құрысу пайда болса, шұғыл түрде жедел медициналық жәрдемді шақыру қажет.

Алдын алу

Қолды мұқият жуу және жеке гигиенаны қадағалау розеоланы туындатқан вирустардың таралуының алдын алады.

Синонимдары>

Кенет экзантема; Алтыншы ауру.

Бұл сайтта берілген ақпарат Сізді қызықтыратын мәселемен жалпы танысуға арналғандықтан ауруларды немесе денсаулыққа байланысты қандай да бір мәселелерді анықтау және емдеу үшін қорытынды негіздеме болмайды.
 
Ауруларды немесе денсаулыққа байланысты қандай да бір мәселелерді анықтау және емдеу үшін медициналық ЖОО аяқтағандығы жөнінде сәйкес дипломы бар дәрігерге көрініңіз. Шұғыл жағдайларда «Жедел жәрдем» қызметіне хабарласыңыз.