.

Саяхатшылардың диареясы (іш өтуі) | zdrav.kz
X

Электрондық поштаңызға соңғы жаңалықтарды алыңыз

X

Получайте самые последние новости на свой e-mail

Саяхатшылардың диареясы (іш өтуі)

Саяхатшылардың диареясы дегеніміз не?  Саяхатшылардың диареясы – бұл әлемнің дамушы елдеріне саяхат шегетін дамыған елдердің адамдарына тән мәселе. Саяхатшылардың диареясының кейде айқын атаулары болады, мысалы: Монтезуманың кегі, Делийлік іш, Түрік іш өтуі.

Саяхатшылардың диареясының жоғары қауіпті аудандары – Африка, Азия, Таяу Шығыс, Латын Америкасының елдері. Төмен қауіпті елдер: Солтүстік Американың, Орталық  Еуропа елдері, Австралия және Жапония.

Саяхатшылардың диареясының себебі неде? Саяхатшылардың диареясын әдетте,  бактериалдық инфекция туындатады. Кең таралған себебі – бактериялар: ішек таяқшасы (E. coli), кампилобактер, шигеллалар, сальмонеллалар.

Әдетте, диареяны туындататын бактериялардың көздері – толық пісірілмеген немесе шикі тағам өнімдері, залалданған тағам өнімдері немесе су (оның ішінде, мұз кубиктері де).

Саяхатшылардың диареясының симптомдары қандай? Саяхатшылардың диареясы жеңілден күшті түрге дейін болады. көпшілік диареясы бар адамдарда бірінші екі аптада симптомдары пайда болады, көбінесе, дамушы елдердің аумағына келгеннен кейін 2-3 күн ішінде. Симптомдары:

·         Іш өтуі. 

·         Іштің түйіліп ауырсынуы. 

·         Сусыздану, жеңілден күшті түрге дейін. 

·         Жалпы нашар сезіну, жүрек айнуы және құсу. 

·         Қалтырау, құсу және қан, сілемей аралас нәжіс. Бұл симптомдар диареяның ауыр түрін көрсетеді, бұл сусыздануға апарады. Сусызданудың кез келген қабылдайтын дәрінің әрекетіне әсер етуін ескеру қажет, мысалы, ішетін контрацептивтер немесе безгкекке қарсы дәрі-дәрмек.

Саяхатшылардың диареясын қалай емдеу қажет? Саяхатшылардың диареясын емдеу: сусызданудың алдын алу үшін сұйықтық тұтыну, пептобисмол және имодиум секілді дәрілерді қабылдау, ал кейде антибиотик қабылдау және көктамыр арқылы ерітінді енгізу қажет болады.

·         Асқазанға тыныштық беру қажет. Бірнеше  сағат бойы  немесе жағдайыңыз жақсарғанға дейін тамақ ішпеңіз. 

·         Бөтелкедегі немесе қайнаған судан жиі шағын жұтыңыз; кепкен тұзды нанның шағын бөліктерін жеуге болады (қытырлақ нандар немесе крекерлер). 

·         Дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) ұсынған тұзды ерітінді – регидронды ішіңіз. Мұндай тұзды ерітінділер көптеген дамушы елдердің дүкендері мен дәріханаларында болады. қайнаған немесе таза суда бір пачкесін ерітіңіз, тұз бен судың дұрыс қатынасына қатысты нұсқаулықпен міндетті түрде танысыңыз. Ерітіндіні 12 сағат бойы ішіңіз (бөлме температурасында сақталса), немесе 24 сағат бойы  (егер тоңазытқышта сақталса). 

·         Қарапайым, аялайтын емдәм ұстаныңыз: қытырлақ нан, крекер, күріш, нан, картоп. Мұндай емдәм диареяның бәсеңдеуіне ықпал етеді. Диарея өткеннен кейін қайтадан әдеттегі тағамды тұтынуға болады.

2-жастағы немесе одан кіші балалар диареядан сусыздануға ерекше бейім келеді. Егер балаңызда диарея болса:

·         Балаға  регидрон ерітіндісін немесе Дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) ұсынған ұқсас ерітінділерді, әдеттегі тамаққа қосымша ретінде беру қажет. Осындай тәртіпті балада диарея біткенге дейін жалғастыру қажет. Егер бала сұйықтықты жұта алмаса, ерітіндіні қасықпен беріп көріңіз. 

·         Егер емшек емізетін болсаңыз, әдеттегідей емізуді жалғастырыңыз. Жасанды қоректегі сәбилерге лактозасыз қоспаны немесе лактозаның мөлшері төмен қоспаны беру қажет. 

·         Балаға ботқа, йогурт, көкөністер мен жеміс беру қажет. 

·         Балада қан аралас іш өтуі, қызба немесе ұзақ құсу болса, дереу дәрігер шақырыңыз.  Балаға регидратацияландыратын сұйықтық беруді жалғастырыңыз.

Диареядан дәрілер. пепто-бисмол және имодиум секілді дәрілер диареяны емдеуге көмектеседі. Егер аурудың басқа белгілері болмаса, мысалы, қызба, іштің түйіліп ауырсынуы, немесе жайсыздық, қан аралас нәжіс болмаса, осы дәрілерді қабылдаңыз. Егер қызба, қанды нәжіс немесе жүрек айнуы болса, антибиотиктер қабылдай бастау қажет. Дәрігермен кеңесу қажет.

Саяхатшылардың диареясының алдын алуда және емдеуде тиімділік көрсеткен висмут субсалицилаты (мысалы, Пепто-Бисмол). Висмут субсалицилаттары тіл мен нәжісті қара түске бояуы мүмкін. Оған мазасыздану қажет емес. Тіл қараймас үшін Висмут субсалицилаттарын қабылдағаннан кейін тіс пен тілді щеткамен тазалау қажет. Висмут субсалицилаттары безгектен қабылданатын дәрілердің тиімділігін төмендетуі мүмкін, ал  аспиринге қарсы көрсетімдері бар адамдарға оны үш аптадан артық қабылдауға болмайды.

Лоперамид (мысалы, Имодиум) секілді препараттарды іш өтуінен қабылдауға болады бірақ, саяхатшылардың диареясынан қабылдауға болмайды, себебі, имодиум іш қатуын туындатуы мүмкін.

Есте ұстаңыз, диареядан болатын сусыздану басқа аурулардан қабылдайтын кез келген дәрінің тиімділігіне әсер етуі мүмкін. Егер қасыңызды 11 жастағы немесе одан кіші бала саяхаттап жүрсе, жолда қандай дәрі ішуге болатыны жайында дәрігерден сұраңыз.

Саяхатшылардың диареясының қалай алдын алуға болады? Диареяның алдын алудың оңтайлы тәсілі – залалданған су мен тағамды тұтынбау. Тағам туралы қолданыста жақсы ереже бар: ”егер тамақ қайнатылмаған, пісірілмеген немесе тазартылмаған болса, оны тұтынбаңыз». Шикі теңіз өнімдері және сүт өнімдерін тұтынуда  бактериалдық зақымданудың қаупі жоғары. Құрғақ өнімдер, мысалы, нан, немесе өзіңіз тазартуға болатын жемістер, тұтынуда қауіпсіз.

Саяхат кезінде жергілікті суды ішуден алшақ болу қажет. Ішуге қауіпсіз сусындар:

·         Шәй мен кофе, қайнаған суда демделген. 

·         Газдалған бөтелкедегі су немесе шәрбатты газдалған сусындар. 

·         Бөтелкедегі сыра мен шарап. 

·         Сондай-ақ, суды ішуге жарамды ету үшін оны сүзу және қайнату қажет.

Сонымен қатар, залалданған сумен жемістер-көкөністер, ыдыс жуылуы мүмкін екендігін, мұз кубиктарына қолданылу мүмкіндігін есте ұстау қажет. Өңделмеген сумен тісті тазалау да жұқпалану қаупін арттырады.

Сондай-ақ, көшедегі сауда-саттықтан алшақ болу қажет, онда шыбындар немесе нашар тазалық өнімдердің залалдану қаупін арттырады. Өнімдерді ашық базарларда сатып алған жағдайда оны тамаққа тұтыну алдында қайнатуды, пісіруді, тазартуды қамтамасыз ету қажет.

Қолды мұқият жуу инфекциялық ауруларды таратудың алдын алуда маңызды. Қолды тазартылған сумен жуу немесе спирттік салфеткамен/бактерияға қарсы гельмен өңдеу – инфекциялық аурудың қаупін азайтудың жақсы тәсілдері.

Дәрігерден саяхатқа диареядан қандай антибиотик алып шығу қажеттігін сұраңыз.

 
Бұл сайтта берілген ақпарат Сізді қызықтыратын мәселемен жалпы танысуға арналғандықтан ауруларды немесе денсаулыққа байланысты қандай да бір мәселелерді анықтау және емдеу үшін қорытынды негіздеме болмайды.
 
Ауруларды немесе денсаулыққа байланысты қандай да бір мәселелерді анықтау және емдеу үшін медициналық ЖОО аяқтағандығы жөнінде сәйкес дипломы бар дәрігерге көрініңіз. Шұғыл жағдайларда «Жедел жәрдем» қызметіне хабарласыңыз.