.

Сексуалды тартымдылық | zdrav.kz
X

Электрондық поштаңызға соңғы жаңалықтарды алыңыз

X

Получайте самые последние новости на свой e-mail

Сексуалды тартымдылық

Сексуалды тартымдылық

Ер азаматтар секспен ләззат алу үшін, ал әйелдер – махаббатқа сеніп айналысады. Бұл пікір көптеген ғасырлар бойы күн көруде. Ол шынымен солай ма?

Неліктен Виагра деген препаратты әйелдерге қарағанда, ер азаматтар жиі пайдаланады?? Күмәнсіз, мұндай препараттар ерлерде әйелдерге қарағанда жыныстық қозуды оңай тудырады. Бірақ көріп отырғанымыздай, әйелдерге секстен ләззат алу үшін ер адамды жақсы көруі керек.

Роберт Штернберг деген американдық психологтың "махаббаттың үш компонентті теориясына" сәйкес махаббат жақындықтан, құштарлықтан және міндеттемелерен құралады. Осы компоненттердің негізінде Штернберг махаббаттың жеті түрлі стильдерін анықтады. Мысалы, міндеттемелері бар, бірақ жақындығы немесе құштарлығы жоқ махаббатты ол "бос махаббат" деп атады. Бұл адамдар бір-бірімен сөйлеспейді, араларында құштарлық мүлдем жоқ. Олардың қарым-қатынастары борыш сезімінде қалыптасқан.

Құштарлық және міндеттемелер тұратын, бірақ жақындық сезімі жоқ махаббатты "ақымақ махаббат" деп атайды. Әдетте, мұндай махаббат бастапқыда жарқын эмоциялармен сипатталады, ал кейіннен осы эмоциялар , өкінішке орай, басылады.

Құштарлығы және міндеттемелері жоқ тек қана жақындығы бар махаббатты "достық-махаббат" деп атайды. Махаббаттың осы түрі достыққа өте ұқсайды.

Құмарлық пен интимге бай, сонымен қатар міндеттемелері жоқ махаббат "романтикалық махаббат" деп атады. "Құштарлық махаббаттың" негізінде құштарлық сезімі турады, бірақ махаббаттың бұл түрінде жақындық пен міндеттемелер жоқ. Ал "сенімді махаббаттың" құрамында осы үш компонентте бар. Махаббатың бұл түрі ұзақ мерзімді одақтарға тән.

Кез келген махаббат комбинациясында жыныстық қарым-қатынастарға маңызды орын бөлінеді.

Біз секспен әр түрлі себептермен айналысамыз:

  • балалы болғымыз келеді;
  • осылай біз сүйіспеншілігімізді білдіреміз;
  • жай ғана көңілімізді көтергіміз келеді;

Американдық статистикаға сәйкес, жасы 18 – 29 аралығындағы адамдар,орташа алғанда, секспен жылына 112 рет айналысады. Кейіннен, секстің жиілігі азаяды. Мысалы, 30 – 39-жастағы адамдар - 86 рет, 40 – 49 жас аралығында - 67 рет, ал 50 – 59 жастағылар - жылына 58 рет секспен айналысады.

20-30 минуттық секс кезінде 300-ге жуық калория жоғалтуға болады. Бұл 5 километрлік фитнеске тең. Алайда, 2-ден 6 минутқа дейін созылған жыныстық қатынас кезінде тек жиырма бес калория жойылады. Біздің жыныстық мәдениетіміз тек қана махаббат пен құмарлыққа бай емес, бұдан бөлек онда зақымдалған презервативтерге, жыныстық жолмен берілетін ауруларға, бедеулік және эректильді дисфункцияға орын бар. Жыныстық өмір мәселелері күрделі және жеке болып табылады, бірақ оларды шынайы және жасырынсыз талқылауы керек. Өйткені осымен біздің дене және психикалық әл-ауқатымыз байланысты. Бұл ретте серіктестің дұрыс таңдауының маңызы өте зор.

Әдетте, ерлер серіктес таңдауда көбірек әйелдің келбетіне көңіл бөледі, ал әйелдер үшін ер азаматтың иісі және жеке қасиеттері маңызды болып саналады. Ерлер әйелдердің жіңішке талиясы мен санына көңіл бөледі. Бұл себептен әйелдерге, ер адамдарға қарағанда серіктес таңдау барысында ұзақ уақыт қажет.

Ғалымдар 200-ден астам түрлі жыныстық ынталандыруларды анықтады. Олардың бірнеше түрлері болады . Арасындағы ең қарапайымы ("Менің көңіл күйім болған жоқ"), рухани жағынан ("Менің Құдайға жақын" болғым келді), альтруисттер арасында ("Менің ер адамым мен туралы жақсы ойлы болсын") және тіпті кектену ойларымен ("Мені алдаған үшін мен оны жазалаймын") деген ынталандырулар болады екен.

Кейбір әйелдер өзің күшті екенін дәлелдеу үшін, басқаларысерігін кеміту мақсатыменсекспен айналысады. Әйелдердің бір бөлігі өз достарын таңғалдырғысы, ал басқалары өздерінің жауларына зиян келтіргісі келеді. Кейбір әйелдер, осылайша романтикалық сезімді білдіреді ("Менің басқа адаммен оңаша қалғым келді"); басқалары осылай өз жек көрушілігінбілдіреді. Алайда, осы себептер "неге мен секспен айналысқым келеді" деген сұраққа нақты жауап бермейді.

 

ФЕРОМОНДАР

Ерлердің феромондарының әсерінен әйелдердің ұрықтылығы арттыруы мүмкін. Феромон деп айналшық,қолтық, зәр шығару каналының, кеуде және ауыздың айналасында орналасқан бездерден бөлініп шығатын заттарды атайды. Зерттеулер нәтижесінде, әйелдердің тұрақты жыныстық қатынастары (кем дегенде аптасына бір рет) етеккір циклінің қалпына келтіруіне, базальды температураның арттыруына және эстроген деңгейінің жоғарлауына ықпал етуі дәлелденді. Тағы бір зерттеу барысында, қырық күн ішінде екі немесе одан көп рет жыныстық байланыста болған әйелдерде овуляция жиі пайда болатыны анықталды.

СЕКСУАЛДЫҚ ӨЗІНДІК ЖӘНЕ ӘЗІЛ СЕЗІМІ

Жақсы әзіл сезімі әйелдің жүрегін жаулап алуға ең тиімді тактика болып табылады. Ерлер жақсы әзіл сезімі бар әйелдерді таңдайды, өйткені ер адамға оның әзілдеріне күлгені өте ұнайды. Әйелдер, керісінше, әзілдерді айтатын ер азаматтарды қатты ұнатады. Жақсы әзіл сезімі бар адамдар, айтарлықтай, көңілді, икемді, салмақты тұлғалар болады.. Зерттеулер нәтижесінде, әйелдер әзіл сезімі бар ер азаматтарды тәжірибелі және сенімді адамдар ретінде елестейтіні дәлелденді.

"Билік – ең қуатты афродизиак" деп Киссинджер атап өткен. Сондықтан әйелдер қасындағы серігі спортшы, кино актер, немесе басқа бір танымал тұлға болсын деп армандайды.

 

ҰҚСАСТЫҚТЫҢ ТАРТЫЛЫМДЫЛЫҒЫ

Ұзақ мерзімді жыныстық серіктесті нақты таңдау кезі келгенде, адамдар өзіне ұқсас тұлғаларды іздейді. Бірнеше зерттеулерде ері мен әйелінің арасындағы сенімге, соғыс пен саясатқа деген көзқарастарының ұқсастығы дәлелденді. Сондай-ақ олардың физикалық денсаулығы, салмағы, шығу тегі, жасы, ұлты, білім деңгейі тарапынан ұқсастығы байқалды.

Бір-біріне ұқсас адамдар болашақта ұзақ мерзімді қарым-қатынасты құрайды. Сыртқы келбетінің және психологиялық тұрғыдағы ұқсастық эмоционалды байланысты, ынтымақтастықты , бақытты қарым-қатынастарды нығайтуға қабілетті.

 

Ертекті бет әлпет

Ерлерге тән бет келбетінің қалыптасуы, жеткіншек жаста тестостерон бөлінуімен тікелей байланысты. Алайда, жоғары тестостерон деңгейі иммундық жүйесінің жұмысы нашарлауына ықпал етуі мүмкін. Сондықтан тек қана денсаулығы мықты ер азаматтарда жоғары деңгейде тестостерон бөлуге мүмкіндік бар. Бұл себептен, оларда ерлерге тән бет келбеті анық қалыптасады.

Ер тұлғалы келбет ер азаматтың денсаулығы, оның ер-азаматтық қасиеттері туралы мәлімет береді. Сондықтан әйелдер өздерінің серігі ретінде күшті, шымыр денебітімді ер азаматты таңдайды.

Британдық зерттеушілердің айтуынша, бойы ұзын азаматтардың, олардан бойы біршама төмен құрдастарымен салыстырғанда, оларға ғашық болған әйел адамдарының саны әлдеқайда аз. Бірнеше зерттеулердің нәтижесі бойынша, бойы ұзын адамдардың, бойы аласа адамдармен салыстырғанда біріншілердің бала табуға қабілеті зор. Серіктес таңдау кезінде әйелдер басымдықты бойы ұзын жігіттерге береді.

Көптеген әйелдер қасындағы серігі ретінде күшті, шымыр денебітімді ер азаматты қалайды. Әйелдердің көпшілігі V-тәрізді торсты тартымды деп санайды. Олардың жанындағы ер азамат кең иық пен енсіз жамбасқа ие болу керек.

Иық ені мен жамбас еніне қатынасы жоғары болған ер азаматтар, жыныстық қатынаста өмір сүруді он алты жастан жиі бастайды. Құрдастарымен салыстырғанда, олардың жыныстық серіктестер саны, әдетте, көп болады

 

ДАУЫСТЫҢ РӨЛІ

Танымал әншілер мен әртістер әйелдер үшін өте тартымды болып саналады. Олардың тартымдылығының бір бөлігі танымалдығы мен әлеуметтік мәртебесімен байланысты. Бірақ та, зерттеулердің нәтижесінде, олардың тартымдылығында бастапқы рөлді дауысы алатыны дәлелденді. Жыныстық жетілу кезеңінің басталғанға дейін ер балалар мен қыздардың дауысы өте ұқсас. Жыныстық жетілу кезеңінде ұлдардың дауыс байламдары ұзарады, нәтижесінде олар, қыздармен салыстырғанда, 60 пайызға ұзын болады. Ұзарған дыбыс байламдары ер азаматтардың дауыстарына терең және аса резонансты тембр береді. Жыныстық жетілу кезеңіндегі тестостерон бөлінуі дауыс қалыптасуына ықпал етеді. Жоғары деңгейде бөлінген тестостерон ерлердің дауыстарында терең тембр пайда болуына әсер етеді.

Қысқа мерзімді қарым- қатынастарда әйелдер терең тембрлі дауысты ерлерді таңайды. Зерттеушілер бұның бірнеше дәлелін анықтады. Біріншіден, бұл билатеральды дене симметриясы, ол ер азаматтың денсаулығы, жақсы генетикасы және иммунды жүйесінің жұмысы туралы ақпарат береді. Әдетте, дұрыс дене симметриясына ие болған адамдар терең тембрлі дауысқа да ие.

Психолог Сьюзан Хьюз айтуынша, сексуалды дауысқа ие ер азаматтар өздерінің құрдастарына қарағанда ық ені мен жамбас еніне қатынасы жоғары болады және оларV-тәрізді денеге ие. Әйелдер серіктес таңдау кезінде бұндай ер азаматтарға басымдықты береді.

 

Аударған: Тілеубек Нұридін

 

Бұл сайтта берілген ақпарат Сізді қызықтыратын мәселемен жалпы танысуға арналғандықтан ауруларды немесе денсаулыққа байланысты қандай да бір мәселелерді анықтау және емдеу үшін қорытынды негіздеме болмайды.
 
Ауруларды немесе денсаулыққа байланысты қандай да бір мәселелерді анықтау және емдеу үшін медициналық ЖОО аяқтағандығы жөнінде сәйкес дипломы бар дәрігерге көрініңіз. Шұғыл жағдайларда «Жедел жәрдем» қызметіне хабарласыңыз.