Септикалық бурсит
Септикалық бурсит– синовиальді қапшықтың сұйықтығындағы инфекцияның болуы.
Синовиальді қапшық – тіндерді, сүйектерді, сіңірлерді, бұлшықеттерді, байламдарды, теріні бір – бірілеріне байланыстарып, қимыл қозғалыста серпінділік беретін және үйкелісті болдырмайтын қапшық тәрізді сұйықтық.
Септикалық бурситтің ең жиі зақымдау аймағы – шынтақ ұшы және тізе тобығы болып табылады.
Синовиальді қапшықың қабынуы мен зақымдануының айырмашылығын айту қиын. Септикалық бурситтің симптомдары болып табылады:
- Жергілікті жердің ауырсыну, ісінуі, қызаруы, температурасының жоғарлауы.
- Қызба.
- Қапшыққа жақын аймақтағы лимфа түйіндерінің үлкейуі.
Инфекцияға қарсы ем болып антибиотиктер және дренаждау (инемен дренаждау немесе кей жағдайда хирургиялық дренаждау) пайдаланылады. Кейбір жағдайда дәрі-дәрмектерді тамыр ішілік жіберу керек болып табылады.
Аударған: Бердібек Ағабек
Бұл сайтта берілген ақпарат Сізді қызықтыратын мәселемен жалпы танысуға арналғандықтан ауруларды немесе денсаулыққа байланысты қандай да бір мәселелерді анықтау және емдеу үшін қорытынды негіздеме болмайды.
Ауруларды немесе денсаулыққа байланысты қандай да бір мәселелерді анықтау және емдеу үшін медициналық ЖОО аяқтағандығы жөнінде сәйкес дипломы бар дәрігерге көрініңіз. Шұғыл жағдайларда «Жедел жәрдем» қызметіне хабарласыңыз.