Шаптың қыспа жарығы
Мазмұны
Жалпы ақпарат
Шаптың қыспа жарығы - шапта немесе ұмадағы тұрып қалған жарық, қайтадан іш қуысына өте алмау салдарынан орын алған. Жарықтың қысылуы әдетте, ісінумен байланысты, бұл кезде аш (жіңішке) ішектің қысылған бөлігінде қан ағымының бұзылысы пайда болуы мүмкін. Қысылған жарық - күрделі ауру, шұғыл медициналық көмекті қажет етеді.
Симптомдары
Қысылған жарықтың симптомдары:
- Жарықтың аумағындағы айқын ауырсыну және қызару
- Кенеттен ауырсыну, қысқа уақыт ішінде ушығатын.
- жоғары температурамен қызба
- жүрек ырғағының жиілеуі
Емдеу
Емдеу болмаса, жүрек айнуы, құсу және инфекция қосарланады. Егер операция бірден жасалмаса, ауру өмірге қауіп төндіруі немесе аш (жіңішке) ішектің қысылған бөлігінің тіндерінің жойылуына апаруы мүмкін. Бұл жағдайда зақымданған ішектің бөлігін алып тастауға тура келуі мүмкін.
Бұл сайтта берілген ақпарат Сізді қызықтыратын мәселемен жалпы танысуға арналғандықтан ауруларды немесе денсаулыққа байланысты қандай да бір мәселелерді анықтау және емдеу үшін қорытынды негіздеме болмайды.
Ауруларды немесе денсаулыққа байланысты қандай да бір мәселелерді анықтау және емдеу үшін медициналық ЖОО аяқтағандығы жөнінде сәйкес дипломы бар дәрігерге көрініңіз. Шұғыл жағдайларда «Жедел жәрдем» қызметіне хабарласыңыз.