.

Шашқа және шаштың сән үлгісіне күтім | zdrav.kz
X

Электрондық поштаңызға соңғы жаңалықтарды алыңыз

X

Получайте самые последние новости на свой e-mail

Шашқа және шаштың сән үлгісіне күтім

Шашқа және шаштың сән үлгісіне күтім жасайтын арнайы заттар және сол заттардың сіздің шашыңызға зияны тиюі мүмкін.

Адам ағзасына шаштың ешқандай физиологиялық маңызды әсері жоқ. Оларға дұрыс күтім жасамау арқылы зақым келтіруге болады. Шашқа зақым келтіретін және олардың нәзіктігін жоғалтуына әкелетін шаштарға арналған өнімдерге мыналар жатады:

  • Шашқа арналған қысқыштар.
  • Термобүйралағыш
  • Тым ыстық шаш кептіргіштері.
  • Химиялық шаш өңдеуге арналған заттар: мысалы, бояулар, тональды, ағартқыш құралдар, шашты түзету және тұрақты толқын беріп тұратын құрылғылар.

Шашқа арналған заттарды дұрыс қолданған жағдайда, бұл өнімдер аз зиян келтіреді.

Егер осы кез-келген химиялық заттарды тым жиі қолданса, шаш әлсіз және сынғыш болуы мүмкін. Егер де бір күнде екі процедура орындалса немесе ағартқыш құрал, бұрын бояудан тазартылған шашқа қолданылса, шашқа зақым келуі мүмкін.

Шашты тартып тұратын үлгідегі (мысалы, өрілген, биікке буылып тұратын) және шашты бір орында арнайы эластикалық таңғыштармен байлаған кезде, олардың жиі түсуіне алып келуі мүмкін.

Шашты қатты, тығыз етіп байлаудан аулақ болыңыз немесе шашты сәндеудің еркін түрлерімен алмастырыңыз. Мүмкіндігінше, шашыңызға серпімді таңғыштарды аз байлаңыз.

 
Аударған: Амантай Назерке
Бұл сайтта берілген ақпарат Сізді қызықтыратын мәселемен жалпы танысуға арналғандықтан ауруларды немесе денсаулыққа байланысты қандай да бір мәселелерді анықтау және емдеу үшін қорытынды негіздеме болмайды.
 
Ауруларды немесе денсаулыққа байланысты қандай да бір мәселелерді анықтау және емдеу үшін медициналық ЖОО аяқтағандығы жөнінде сәйкес дипломы бар дәрігерге көрініңіз. Шұғыл жағдайларда «Жедел жәрдем» қызметіне хабарласыңыз.