Шеткі нейропатия
Шеткі нейропатия - ауырсынуға, сезімталдыққа, температураға, вибрацияға мидың жауап беруін қамтамасыз ететін сезімталдық жүйкелердің, сонымен бірге бұлшықеттің жұмысына жауап беретін, қимыл қозғалысты қамтамасыз ететін моторлы жүйкелердің қызметін жоғалтуы. Шеткі невропатия негізінен аяқты,қолды, табанды зақымдайды.
Симптомдары біртіндеп пайда болады:
- Жансыздану, күйдіру және шымырлау.
- Сезімталдықтың жоғалуы.
- Зақымдалған аймақтағы ауырсыну.
Шеткі нейропатия диабет тәрізді зат алмасу бұзылысын, АИТВ тәрізді қабыну үрдісін шақыруы мүмкін. Басқа себептеріне токсикалық заттардың әсері және белгілі бір дәрілік препараттарға жауап беруі жатады.
Себебіне байланысты ем тағайындалады. Диабеттік невропатияға тән қандай да бір симптомдар болса дәрігеріңізге қаралыңыз.