Шуылдың әсері
Мазмұны
Жалпы ақпарат
Маңайымызда шуыл көп: теледидардан радиодан, шөп шабатын немесе кір жуатын машинадан, т.с.с. әдетте бұл дыбыстар біздің естуімізге әсер етпейтін қауіпсіз деңгейде. Бірақ, тым күшті дыбыстар немесе олардың ұзақ уақыт бойы әсері зиянды болады. Олар ішкі құлақтың сезімтал құрылымын зақымдап, шуылдың әсерінен болатын естуді жоғалтуға апаруы мүмкін.
Құлақ сыртқы, ортаңғы және ішкі бөлімдерден тұрады. Сыртқы құлақ қалқанынан және сыртқы есту каналынан тұрады.
Көптеген адамдар қауіпті жоғары деңгейлі дыбысқа ұдайы ұшырайды. 80 децибелден асатын шуылдың деңгейі қауіпті саналады. Бұл аса қатты емес, көлік қаптаған көшедегімен бірдей. Музыканың дауысы қатты болғанда, әсіресе, наушникте, шуылдан болатын естуді жоғалтуға жиі апарады.
Естуді қалай қорғауға болады
Естуді қорғау үшін келесі шараларды орындау қажет:
-
Музыканы тыңдауда дауысын азайтыңыз
-
Дауысы қатты құрал-жабдықпен жұмыс істегенде беруши (құлаққа тығын) киіңіз.