.

Сілемей безінің қатерлі ісігі | zdrav.kz
X

Электрондық поштаңызға соңғы жаңалықтарды алыңыз

X

Получайте самые последние новости на свой e-mail

Сілемей безінің қатерлі ісігі

Мазмұны

Жалпы ақпарат

Қатерлі ісік дегеніміз не?

Қатерлі ісік қалай таралады және метаздары (көшуі) дегеніміз не

Қатерлі ісіктің симптомдары

 

Жалпы ақпарат

Сілемей бездері түтіктер арқылы ауыз қуысына сілемей аталатын сұйықтықты бөледі. Сілемей тамақты ылғалдап, шайналуы мен жұтылуын жеңілдетеді. Бұл жайлы қорытылуына ықпал етеді. Сондай-ақ, сілемей ауыз қуысын тазартады, оың құрамында микробтармен күресетін антиденелер бар. 

Сілемей безінің қатерлі ісігі – бас пен мойынның ісіктерінің бірі. Сирек кездесетін ауру. Симптомдарсыз немесе келесідей көріністе болуы мүмкін:

  • Құлақта, жақта, ерінде немесе ауызда ісіктің болуы
  • Құлақтан бөлінді шығуы
  • Жұтуда және ауыз ашудағы қиындық
  • Бет аумағындағы жансыздану және ауырсыну.

 

Сілемей безінің қатерлі ісігі қарау арқылы, зерттеудің көрнекі әдістері және биопсия арқылы қойылады. Емдеуге хирургиялық операция, сәулелік және/немесе химиялық емдеу кіреді.

Қатерлі ісік дегеніміз не?

Адамның организмі шамамен,  10 триллион жасушадан тұрады. Олар организмнің құрылымдық негізін құрайды («кірпіштерін») және микроскоппен ғана көрінеді. Жасушалар әр түрлі өлемді және пішінді болады, және сан алуан қызметті атқарады. Өзара жақын орналасқан жасушалар тіндерді құрайды, мысалы, тері немесе бұлшық ет тіні. Басқа түрлері организмде бос күйінде болады. Оларға жататындар: қан жасушалары, мысалы, қанның оттегіні тасымалдауға жауапты қызыл жасушалары – эритроциттер, қанның бактериялардан, вирустар мен қатерлі ісік жасушаларынан қорғанысқа жауап беретін ақ жасушалары – лейкоциттер. Жасушалардың кейбір түрлері арнайы заттектерді – гормондарды, ферменттер мен сілемейді түзеді.  

 

Организмнің көптеген жасушалары өздері ешнәрсе өндірмейді, бірақ, белгілі бір қызметті атқарады. Мысалы, жүрек бұлшық етінің жасушасы жүректің жиырылуын қамтамасыз етеді, ал жүйке жасушалары жүйке импульсін дененің түрлі бөлігіне беруге жауапты.

Организмнің жасушалары мәңгілік емес, белгілі бір уақыттан кейін жойылады. Сонымен қатар, олар бөлінуге қабілетті, осылайша, санын толықтырады. Шаш фолликулдарының, қанның және ішек эпителийінің бөлінуі жиі болады, ал жүйке жасушалары сирек бөлінеді.

Қалыпты жағдайда жасушалар өседі және организмнің қажеттілігіне сай жаңа жасуша түзу арқылы бөлінеді. Қартайған жасушалар жойылып, орнын жаңа жасушалар басады. Кейде бұл тәртіпті үрдіс бұзылады: жаңа жасушалар организмге қажет болмаса да түзіледі, ал ескілері уақытында жойылмайды. Осы қосымша жасушалар ісік аталатын тін массасын құрайды.

Ісіктер қатерлі және қатерсіз болады:
қатерсіз ісіктер қатерлі ісіктердің санатына жатпайды.

  • қатерсіз ісіктер өмірге сирек қауіп төндіреді.

  • қатерсіз ісіктерді алып тастағаннан кейін қайтадан шықпайды.

  • қатерсіз ісіктердің жасушалары қоршаған тінге өспейді.

  • қатерсіз ісіктердің жасушалары басқа ағзалар мен дененің бөліктеріне таралмайды.

Қатерлі ісіктер:

  • Қатерлі ісіктердің қатерсіз ісіктерге қарағанда күрделі симптомдары болады. Олар көбінесе, науқастың өміріне қауіп төндіреді.  

  • Қатерлі ісіктерді көптеген жағдайда хирургиялық жолмен алып тастауға болады, бірақ, олар қайтадан өсуге бейім.

  • Қатерлі ісіктердің жасушалары жақын жердегі тіндер мен ағзаларға өсіп, зақымдауы мүмкін.

  • Қатерлі ісіктердің жасушалары басқа ағзаларға және дененің бөліктеріне таралады (метастаздану).

Қатерлі ісік қалай таралады және метаздары дегеніміз не

Қатерлі ісіктердің жасушалары бастапқы ісіктің ажыраған бөлігінің қан ағымына немесе лимфа жүйесіне түсуі арқылы таралады. Жасушалар басқа ағзаларға өсіп, осы ағзаларды зақымдайтын жаңа ісіктерді түзуі мүмкін. Көбінесе, қатерлі ісіктер жасушаларының өкпе, бауыр, ми және сүйек секілді ағзаларға метастаздануы болады. Басқа ағзаларға таралған қатерлі ісіктердің жасушаларын – метастаздар, таралу үрдісін – метастаздану деп атайды.

Қатерлі ісіктің таралуында және басқа ағзада немесе дененің бөлігінде жаңа ісік түзуінде ол да ауытқулы жасушалардан тұрады және атауы да бастапқыдай болады. Мысалы, қуық асты безінің қатерлі ісігі сүйекке таралса, сүйекте анықталатын қатерлі ісік жасушалары сүйектің қатерлі ісігі емес, қуық асты безінің метастазданған қатерлі ісігі болады. Сондықтан, ол  қуық асты безінің қатерлі ісігі ретінде емделеді. Дәрігерлер жаңа ісікті кейде «метастаздану ауруы» деп атайды.

 

Қатерлі ісіктің симптомдары

Қатерлі ісіктің симптомдары оның түріне, орналасуы мен өлшеміне, сондай-ақ, таралуының және басқа ағзаларды зақымдауының дәрежесіне байланысты болады. Егер қатерлі ісіктің метастаздануы (басқа ағзаларға таралуы) болса, симптомдары организмнің түрлі бөлігінде болады.

Қатерлі ісіктің кейбір түрлері симптомсыз болады, бірақ, біраз уақыттан кейін көрініс береді. Мысалы, қатерлі ісіктің жасушалары жүйке тініне өсіп, беле ауырсыну туындатқанға дейін ұйқыбезінің қатерлі ісігі симптомсыз өтуі мүмкін. Өт жолдарына өсетін ісік сары ауруды туындатады. Бұл сатыдағы ісіктер кең таралған.

Қатерлі ісіктердің көптеген түрлеріне тән симптомдар:

  • қалтырау

  • дене температурасының артуы - кең таралған симптом, бірақ, қатерлі ісіктің басқа ағзаларға таралуында –метастаздануында жиі кездеседі. Қызба көбінесе қанның қатерлі ісігінің ерте симптомы болуы мүмкін (лейкемия немесе лимфома).

  • Шаршау, қажу - маңызды симптом, ісік өскен сайын көрініс береді. Ол қатерлі ісіктің лейкемия немесе қан жоғалтумен қосарланатын түрлерінің ерте сатысында көрініс беруі мүмкін.

  • Жалпы нашар сезіну

  • Түнгі тершеңдік

  • Қысқа уақыт ішінде түсініксіз салмақ жоғалту (5 кг астам). Бұл қатерлі ісіктің алғашқы симптомдарының бірі.

  • Тәбеттің болмауы.

  • Ауырсыну сезімі қатерлі ісіктің метастаздануы кезінде жиі болады, бірақ, сүйектің немесе аталық бездің қатерлі ісігінің ерте симптомы болуы мүмкін. Бас арурулары мидың қатерлі ісігінде болады. Белдегі ауырсыну аналық бездің, тоқ және тік ішектің қатерлі ісігінде болуы мүмкін. Қатерлі ісікте ауырсыну болатын себебі – ол басқа ағзаларға тарайды және нервтерді қысады. 

Бұл сайтта берілген ақпарат Сізді қызықтыратын мәселемен жалпы танысуға арналғандықтан ауруларды немесе денсаулыққа байланысты қандай да бір мәселелерді анықтау және емдеу үшін қорытынды негіздеме болмайды.
 
Ауруларды немесе денсаулыққа байланысты қандай да бір мәселелерді анықтау және емдеу үшін медициналық ЖОО аяқтағандығы жөнінде сәйкес дипломы бар дәрігерге көрініңіз. Шұғыл жағдайларда «Жедел жәрдем» қызметіне хабарласыңыз.