Созылмалы шаршағыштық синдромы
Созылмалы шаршағыштық синдромы - бұл адамның күнделікті әрекеттеріне кедергі келтіретін күшті, өткір шаршағыштық жағдай. Шаршағыштық физикалық жүктеменің нәтижесі болып табылмайды және демалыс шаршағыштықты жоғалтпайды.
Созылмалы шаршағыштық синдромының себебі әлі белгісіз.
Созылмалы шаршағыштық синдромының симптомдары : әлсіздік, ұйқының бұзылысы, зейін қоюдың және ойланудың бұзылысы, есте сақтаудың бұзылысы, қызба, бастың ауруы, бұлшықеттерде және буындарда ауырсыну, тамақтың қабынуы, мойын немесе бұлшықет шұңқырларындағы бездердің сезімталдылығының жоғарлауы. Қалыпты жағдайда немесе жеңіл физикалық жүктемеде 24 сағатқа созылатын, әлсіздік және дімкеәстікті шақырады.
Физикалық жүктемені және зертханалық зерттеулерді тексере отырып симптомдарның себебін анықтайды. Қазіргі уақытқа дейін созылмалы шаршағыштық синдромының өзіне тән белгілері жоқ, тек басқа ауруларды жоққа шығару арқылы ғана қойылады.
Созылмалы шаршағыштық синдромын емдеу адамды қалыпты жағдайға әкелу және оның бұрынғы өмір деңгейіне біртіндеп оралуы үшін шаршағыштықты мен басқа да симптомдарды жоюға бағытталған. Созылмалы шаршағыштық синдромының үй жағдайындағы емі өте маңызды орын алады. Симптомдарды азайту және бақылау үшін диета, жаттығу, жақсы ұйқы көмектеседі. Созылмалы шаршағыштық синдромымен ауыратын науқастардың көбісі «симптомдар өзімен-өзі басылады және 1-2 жыл ішінде қалыпты жағдайға келемін» деп ойлайды.
Аударған: Бердібек Ағабек