Спецификалық емес жаралы колит
Анықтамасы
Жалпы мәлімет
Себептері
Симптомдары
Диагностикасы
Емі
Болжамы
Асқынулары
Алдын алуы
Жалпы мәлімет
Жаралы колит немесе спецификалық емес жаралы колит – тоқ ішектің әртүрлі бөліктерінің қабынуымен тіндерінің бұзылысымен жүретін ауру (бөліктері - жоғарлаған бөлігі, көлденең бөлігі, төмендеген бөлігі, сигматәрізді ішек, тік ішек). Бұл процесс жиі тік ішекте болады.
Өңеш, асқазан, жіңішке ішекпен бірге бауыр, өт және ұйқы безі тағамның қоректік компоненттерін ыдыратып энергияға айналдырады, судың сіңірілүін тоқ ішек қамтамасыз етеді, және қоректік емес компоненттер тоқ ішек арқылы шығады.
Себептері
«Спецификалық емес» термині колит белгісізсыртқы себептермен дамитынын айтады. Ауру кезінде ішектің шырышты қабығында көптеген жаралар болады, сондықтан колит «жаралы» деп аталады.
Бұл ауруды шақыратын негізгі себептері анықталмаған. Көп жағдайда ішек тіндері өзінің иммунды (қорғаныс) жүйесінің әсерінен зақымдалады.Тоқ ішектің жұмысы бұзылғанда стпертококктар, сальмонеллалар, стафилококтар сияқты ауру тудыратын микроорганизмдерді шақыруы мүмкін. Ішектің жаралы колиті тұқым қуалайтын ауру деген болжам бар. Осы аурумен жақын туысқандар аурса, зерттеулер бойынша жаралы колитке шалдығу 5-20 есе артады.
Тағы бір себептері, спецификалық емес жаралы колит ауруын тудыратын ұйқы безі мен өт қапшығының инфекциялары, үнемі күрделі қорытылатын асты пайдалану, ішімдік ішу, антибиотиктерді қабылдау, стресс болуы мүмкін.
Симптомдары
Жаралы колиттің симптомдары аурудың формасына байланысты. Клиникада жаралы колитті жедел және созылмалы деп бөледі. Жедел жаралы колит сирек кездеседі, ол жеделдеу болуы мүмкін. Созылмалы жаралы колит ағымы екі формада жүрүі мүмкін: үздіксіз және рецидифті (қайталанатын). Асқыну және ремиссиялық кезеңдері бар.Жаралы колиттің көп жағдайдың жартысында екіншілік асқынуы келесі 2 жылда кездеседі. 10% жағдайында жара пайда болғанда колиттің өршуі сирек кездеседі - 25 жылда бір рет.
Аурудың белгілері:
- Іштің ауруы мен шаншуы (ұстамалары жіті ауырсыну)
- Іштің қатты құрылдауы
- Диарея(сұйық нәжіс, іш өту)
- Тенезмалар (ауыртпалы жалған позывы к дефекации (опорожнение кишечника)
- Нәжісте қан мен ірің
- Қызба (температураның көтерілуі)
- Салмақ жоғалту
- Балалардың бойының өсүінің баяулауы
- Басқа белгілері:
- Жүрек айну және құсу
- Аузында жаралардың болуы
- Асқазан-ішектік қан кету
- Буындардың ауруы
Диагностикасы
Диагноз симптомдар мен жасалынған зерттеу анализдерінің нәтижесіне қарап қойылады.
Негізгі ең көп мәлімет беретін диагностикаларға эндоскопиялық (ректороманоскопия және колоноскопия) және рентгенологиялық (ирригоскопия) әдістері жатады.
Эндоскопиялық тексеру ірі ішекті тік ішек арқылы оптикалық талшықтан тұратын ұзын түтікшені енгізу арқылы жасалады. Мұндай зерттеу дәрігерге ішектің ішкі қабырғаларын көруге және олардың жағдайын анықтауға мүмкіндік береді.Ректороманоскопия жасағанда толығымен тік ішек және сигма тәрізді ішектің бастамасына дейін зерттеу жүргізіледі, олардың ұзындығы бойынша түрлі патологиялық (қалыпсыз) процестердің болуы анықталады.
Колоноскопия жасағанда визуалды (көру) тоқ ішектің бүкіл ішкі беті зерттеледі, биопсия жасалады (өзгерген жерден тінді алып зерттеу).
Ирригоскопия рентгендік диагностикалық әдіс болып табылады, онда науқасқа арнайы клизманың көмегімен тоқ ішекке барий сұйықтығын енгізеді, ол контарстты фонның қызметін атқарады, рентген сәулелерін өзіне сіңіре алатын қасиеті бар, сосын ішектен сұйықтық шығып кеткенге дейін бірнеше сурет түсіріледі.
Ирригоскопия ішектің саңылауларының бірдей емес тарылуын және контурының өзгергенін анықтауға мүмкіндік береді.
Сондай-ақ соңғы жылдары ауруды диагностикалаудың жаңа әдісі пайда болды - капсулалық эндоскопия.
Бұл әдіс эндоскопиялық бейне капсуланың көмегімен науқастың ішкі мүшелерін зерттеуден тұрады, бейне сигнал таратқышымен жасалған. Асқазан-ішек жолдары арқылы өту кезінде капсула бірнеше сағат ішінде бірнеше ондаған мың фотосуретті жасайды, олар пациенттің денесінде орналасқан датчиктерге беріледі және қабылдағыштың жадында жазылады.
Емі
Спецификалық емес жаралы колит – созылмалы ауру, тұрақты ем алуды қажет етеді.
Жаралы колиттің емі жылдам ремиссияға жетүге бағытталған. Негізгі емі қабынуға қарсы арналған препараттар құрайды:
глюкокортикоидтыгормондар – организімдегі қабынуды шақыратын өнім факторларын бөгейтін препараттар;
аминосалициллаттар - 5-аминосалицил қышқылы, тоқ ішектің шырышты қабығының қабынуын тежеуші препараты;
цитостатиктер, өте ауыр жағдайда тағайындалады , себебі олар иммунды жүйені басады.
Колиттің Симптоматикалық емі қанды тоқтататын заттар арқылы жүзеге асырылады. Егер қан кетү көлемді болса, жаңа мұздатылған плазма және қанның компоненттерін құю керек болады.
Ішектің перистальтикасынқалыпқа келтіру мақсатында науқасқа іш өтүге және шаншу мен ауырсынуды басуға арналған дәрілер тағайындалады.
Жаралы колит кезінде температура болса, емінде бактерияға қарсы терапия жүргізіледі. Егер науқас қатты арықтап кетсе, көктамыр ішіне қоректік қоспалар енгізү қажет.
Дәрі-дәрмекпен емдеу нәтижесіз болған жағдайда және тік ішектен қан кетү ұзаққа созылып тоқтамаса хирургиялық ем тағайындалады. Хирургиялық ем кезінде толықтай тоқ ішекті алып тастайды. Мұндай операция колэктомия деп аталады, ол тек шектелген науқастарға жасалады, өйткені мүгедектікке алып келеді.
Сондай-ақ хирургиялық араласу арқылы тоқ ішектің зақымданған жерін жою мен бірге қалыптастыру, одан кейінгі (6 ай - 2 жыл) ішектің өткізгіштігін қалпына келтіру.
Диета
Ішектегі жаралы колит дене салмағының азаюына әкелетіндіктен, тамақ жоғары калориялы, жоғары сапалы және көптеген белоктар мен витаминдер болуы керек.
Науқастар күніне 5-6 рет аз мөлшерде тамақтануы тиіс.
Диета при язвенном колите исключает употребление в пищу пряностей, соусов, жирных и жареных блюд, сырых фруктов и овощей, поскольку они провоцируют диарею Жаралы колит кезінде дәмдеуіштерді, тұздықтарды, майлы және қуырылған өнімдерді, шикі жемістер мен көкөністерді қолдануға болмайды себебі, диареяны тудырады.
Сондай-ақ сүт өнімдерін аса сақтықпен пайдалану керек.
Диета кезінде пайдаланылатын өнімдер: майсыз ет (тауық, үндік, қоян), балық, майсыз сорпа, жұмыртқа, ботқалар мен картоп. Сусындардан: кисель, қайнатылған жидектер, какао, қара кофе, шәй. Барлық тағамдар бұқтырылған немесе қайнатылған болуы керек..
Аурудың болжамы
Кез-келген басқа аурулар сияқты, жаралы колитті ұзақ уақыт емдемесе, ол ары қарай асқынып емдеу қиындап кетеді.
Егер алғашында науқастардың хирургиялық емсіз организімнің толықтай сауығып кетуі 25% болса, онда бірнеше жыл ішінде бұл көрсеткіш айтарлықтай төмендейді, ал қалған науқастардың 30% - ында толық колит болады. Толық колитпен ауыратын науқастардың жартысы толық ремиссияға қол жеткізе алмайды, ал дәрігерге ерте қоңырау шалу қалпына келтіру мүмкіндігін айтарлықтай арттырады. Егер сіз колит белгілерін өзіңізде байқасаңыз, мамандарға хабарласып тексерілістен өткен жөн. Ауруды ерте уақытта анықтаған жөн, себебі кеш анықталған жағдайда емдеу және оңалту (жоғалтқан функцияларды қалпына келтіру) ұзаққа созылады.
Мүмкін болатын асқынулар
Егер спецификалық емес жаралы колитті емдемесе, дамитын асқынулар: Қатты қан кету, өміріне қауіп төндіретін;
Ішектің бүтіндігінің бұзылуы және ішектің ішіндегі заттардың ішектің қуысына түсүі, оның қабынуына және қанның инфекциясына әкеледі;
Шамадан тыс тоқ ішектің диаметірінің ұлғаюына, ішектің өтімсіздігіне алып келеді, ол толықтай организімнің улануына себеп болад;
Тоқ ішектің қатерлі ісігіне қауып төндіреді.
Алдын алу
Бастапқы алдын-алу шаралары әлі жасалмаған.
Шамасы, олар аурудың себебі дәл анықталғаннан кейін пайда болады. Осыған байланысты 50 жасқа толған адамдар колоноскопиядан өтуге тиіс. Жаралы колиттің асқынуын алдын алу, тек дәрігердің шеберлігіне байланысты емес, ол науқастың өзіне де байланысты. Симптомдардың қайталанбауы үшін, науқасқа ұзақ уақыт бойы дәрілерді қабылдауы ұсынылады.
Аударған: Айтмұқаев Ернұр
Бұл сайтта берілген ақпарат Сізді қызықтыратын мәселемен жалпы танысуға арналғандықтан ауруларды немесе денсаулыққа байланысты қандай да бір мәселелерді анықтау және емдеу үшін қорытынды негіздеме болмайды.
Ауруларды немесе денсаулыққа байланысты қандай да бір мәселелерді анықтау және емдеу үшін медициналық ЖОО аяқтағандығы жөнінде сәйкес дипломы бар дәрігерге көрініңіз. Шұғыл жағдайларда «Жедел жәрдем» қызметіне хабарласыңыз.