.

Стенокардия | zdrav.kz
X

Электрондық поштаңызға соңғы жаңалықтарды алыңыз

X

Получайте самые последние новости на свой e-mail

Стенокардия

Мазмұны

Жалпы ақпарат

Себептері

Симптомдары

Диагностика

Емдеу

Аурудың болжамы

Қашан дәрігерге көріну қажет

Алдын алу

 

Жалпы ақпарат              

Стенокардия – жүректің ишемиялық ауруының (ЖИА) түрлерінің бірі, жүрек бұлшық етіне қанның жеткіліксіз түсуі нәтижесінде дамиды және кеудедегі жайсыздық сезімімен немесе ауырсынумен сипатталады. 

Жүрек төрт камерадан тұрады: екі жүрекшеден және екі қарыншадан. Сол қарыншадан аорта  шығады, оң қарыншадан өкпе діңгегі. Сол жүрекшеге өкпе веналары барады, ал оң жүрекшеге жоғарғы  қуыс вена барады.

Стенокардия тұрақты және тұрақты емес болады.

 

Тұрақты стенокардияда (ширығу стенокардиясы) ауырсыну бір ай бойы өзгеріссіз қайталанады және нитроглицерин ішкеннен кейін жойылады. Көпшілік науқастарда стенокардия көп жылдар бойы тұрақты сипатта болады.

Тұрақты емес стенокардия кезінде кеудедегі жайсыздық немесе ауырсыну алғаш пайда болады немесе қарқындылығы, ұзақтығы артады, ауырсыну нитроглицерин ішкенде басылмайды.

Себептері

Көпшілік жағдайда стенокардия жүректің коронарлық артерияларының атеросклерозына және/немесе  түйілуіне (қабырғасының күрт жиырылуына) байланысты.

Атеросклероз – майлы түйіндақтардың (жинақталатын) артерия қабырғасының бойымен жинақталуы, олардың тарылуына апарады.

атеросклероз даму қаупі келесі факторлар болуында артады:

·         қант диабеті

·         Төмен дене белсенділігі

·         Артық дене салмағы

·         темекі шегу

·         алкогольді шамадан артқы тұтыну.

Стенокардияның басқа себептері:

·         жүрек ырғағының бұзылуы

·         Вазоспастикалық стенокардия (Принцметал стенокардиясы)

·          Анемия

·          Жүрек қақпақшаларының ауруы

·          Гипертиреоз (қалқанша бездің артық белсенділігі) 

Тұрақты стенокардия ұстамасы келесі факторлардан туындауы мүмкін:

·         Дене белсенділігі (желге қарсы жүру, тауға немесе сатыға шығу, ауыр көтеру)

·         Көңіл-күй күйзелісі

·         Артериалдық қысымның артуы

·         суық

·         тамақты көп ішу.

Тұрақты емес стенокардия ұстамасы тыныш күйде немесе ұйқыда (адам ауырсынудан оянады) қандай да бір себепсіз пайда болуы мүмкін.

Симптомдары

Стенокардияның негізгі көрінісі – кеудедегі ауырсыну. Стенокардиядағы ауырсынудың айрықша белгілері:

·         ауырсыну сипаты – қысатын, күйдіретін ауырсыну

·         ауырсыну тұсы – кеуденің артқы жағы (кеуде қуысының ортаңғы бөлігі), кеуде қуысының сол жартысындағы ауырсыну сирек кездеседі

·         ауырсынудың таралуы (иррадиция) – ауырсыну сол иық аумағына, сол қолға, мойынның сол жағына, жауырынның немесе төменгі жақтың сол аумағына беріледі

·         ауырсыну ұзақтығы – тұрақты стенокардияда 1 - 15 мин, тұрақты емес стенокардияда ауырсыну 15 мин артық болады.

стенокардияда басқа да симптомдар болуы мүмкін:

·         ұстама тәрізді әлсіздік

·         тершеңдік

·         кеуде қуысының оң жағындағы және арқадағы, оң қабырға астындағы ауырсыну

·         ентігу ұстамасы

·         жүрек ырғағының жиілеуі

·         артериалдық қысымның артуы (кейде төмендеуі).

Диагностика

Стенокардия диагнозын қою үшін шағымдарды, пайда болу тарихын жинақтау және науқасты қарау қажет.

Келесі зерттеулер жүргізіледі:

·         ЭКГ тыныш күйде - стенокардияда ЭКГ-да ишемия белгілері көрінеді (қанның келуінің жетіспеуі, тіннің зақымдануына апарады), жүрек ырғағының түрлі бұзылыстары. Бұл өзгерістер тұрақты емес және ауырсыну ұстамасы тоқтағаннан кейін немесе 2-3 күнде өтеді. ЭКГ қалыпты болуы да жиі кездеседі.

·         Холтер бойынша тәуліктік мониторинг (тәулік бойы ЭКГ жазу келесі компьютерлік өңдеумен) тәулік ішінде стенокардия көріністерін анықтауға мүмкіндік береді (саны, ұзақтығы, жиілігі), сондай-ақ, жүрек ырғағының бұзылыстары.

·         Тыныш күйдегі Эхокардиография  – жүректің ультрадыбыстық зерттеуі жүректің өлшемі мен құрылымын анықтауға мүмкіндік береді, сондай-ақ, жүрек бұлшық етінің жиырылу қабілетін анықтауға.

·         Күйзелісті-эхокардиография – жүректің ультрадыбыстық зерттеуі, арнайы дәрі енгізумен немесе дене жүктемесінің әсерімен.

·         Велоэргометрия – дене жүктемесін (велосипед) мөлшерлі артуындағы ЭКГ және АҚ тіркеу. Қалыпты жағдайда дене жүктемесінде жүрек бұлшық етінің оттегіге қажеттілігі артады, жүрек тезірек соғады, жүрекке қан ағымы артады. Стенокардияда тамырлардың тарылуында қан ағуының артуы мүмкін болмайды, сондықтан, алдымен ЭКГ осыған тән өзгерістер пайда болады, кейіннен ауырсыну ұстамасы пайда болады.

·         Тредмил-тест: бұл әдістің мәні велоэргометриядағыдай, бірақ, жүгіру жолында өткізіледі.

·         Қандағы ферменттер деңгейін анықтау (МВ- креатинфосфокиназа, лактатдегидрогеназа, аспартаттрансфераза, тропониндер I және T) – тұрақты емес стенокардияда олардың деңгейі қалыпты немесе артады (қалыпты деңгейдің жоғарғы шегінен 50% -ға ғана артық). Миокард  инфарктінде бұл ферменттер тіршілігін жойған жүрек жасушаларынан шығады және олардың қандағы деңгейі едәуір артады.

·         Коронарлық ангиография (коронарография) – жүрек артерияларының рентгендік әдісі. Кәріжілік (қолдағы) артериясын немесе сан (аяқтағы) артерияны тесу арқылы жүрекке жіңішке катетер енгізіледі, оның бойымен жүрек тамырларын толтыратын контрастылық заттек енгізіледі. Дәрігер монитор экранында жүрек тамырларының жағдайын бағалайды, тамырлардың тарылу және тежелу дәрежесін анықтай алады.

·         Қанның биохимиялық талдауы – холестерин деңгейінің артуы анықталуы мүмкін (липид (май тәрізді заттек), организмнің барлық жасушаларына қажетті).

Холестеринің артуы  липопротеиндердің (холестеринді тасымалдаушылар) әр түрлерінің қатынасының бұзылуында пайда болуы мүмкін – төмен тығыздықты липопротеиндер деңгейінің артуы (ЛПНП) және жоғары тығыздықты липопротеиндер деңгейінің төмендеуі (ЛПВП).

ЛПНП холестеринді бауырдан организмнің басқа жасушаларына тасиды, атеросклероз даму қаупін арттырады.

ЛПВП холестеринді жасушалардан қайтадан бауырға тасиды, ол бауырда ыдырайды немесе организмнен қоқыстар түрінде шығарылады. ЛПВП атеросклероз даму қаупін азайтады.

Емдеу

Стенокардияны емдеу өмір салтын өзгертуді, еңбек пен демалыс тәртібін реттеуді, дене және көңіл-күй жүктемелерін жоюды, майларды шектейтін емдәм ұстануды, дәрілік препараттардың тобын қолдануды қарастырады. 

Тұрақты емес стенокардияда науқастарды ауруханаға шұғыл жатқызу қажет (қарқынды бақылау палатасына).

Стенокардияны емдеуде келесі препараттардың топтары қолданылады:

·         Антиангиналдық құралдар (жүрек ауырсынуына қарсы) – жүрек бұлшық етіне оттегінің қажеттілігін азайтатын және/немесе оттегіні жеткізуді арттыратын дәрілік құралдар.

·         Антикоагулянттар – қанның ұюын басатын және тромбылардың түзілуіне кедергі келтіретін препараттар тобы. Бұл топтың негізгі өкілі – гепарин.

·         Антиагреганттар – тромбоциттердің жабысу қабілетін азайтатын дәрілік құралдар, осылайша, қанның тұтқырлығын азайтып, тромбы түзілуіне кедергі келтіреді. Негізгі өкілдері – ацетилсалицил қышқылы (Аспирин) мен клопидогрел (Плавикс).

·         Қажет болса, артериалдық қысымның деңгейін реттейтін препараттар тағайындалады; қандағы холестерин деңгейін азайтатын препараттар (статиндер).

·         Органикалық  нитраттарды қабылдауда (нитроглицерин, изосорбид динитраты және мононитрат) организмде азот оксиді бөлінеді, ол жүрек бұлшық етінің оттегіге қажеттілігін азайтады, веналарды кеңейтіп, қанның жүреккке қайтуын азайтады, бұл жүрекке жүктемені азайтады; сондай-ақ, тамырларды кеңейтіп, жүрекке қан ағымын ұлғайтады.

·         β-адреноблокаторлар (пропранолол, бисопролол, метопролол, соталол, атенолол) артериалдық қысымды азайтады, жүрек ырғағын және жүрек бұлшық етінің оттегіге қажеттілігін азайтады.

·         Кальцийлік түтіктерді тежеушілер (верапамил және оның туындылары, нифедипин және оның туындылары, дилтиазем және оның туындылары) стенокардияның келесі түрінде ауырсыну байқалғанда тағайындалады: атеросклерозсыз «таза» тамырлар болуында кеудедегі ауырсыну байқалғанда және басқа препараттар тиімсіз болғанда. Мұндай дәрілердің әсері миокардтың оттегіге қажеттілігінің төмендеуіне байланысты (жүрек ырғағының, артериалдық қысымның азаюы) және оттегінің жүрекке келуіне жақсаруына байланысты (жүрек тамырларының түйілуіне жою).

48-72 сағат ішінде, белсенді емдеуге қарамастан, стенокардия ұстамасы қарқындылығы мен ұзақтығын өзгерпесе, шұғыл  коронарографияны орындауға және стенттеуге немесе аорта-коронарлық шунтирлеуге көрсетімдер пайда болады. Коронарлық  артерияларды стенттеу – тамыр саңылауына стент қою арқылы жүрек артериясының өтімділігін хирургиялық қалпына келтірудің заманауи әдісі. Аортокоронарлық шунтирлеу (АКШ) —жүрек артериясында қан ағымын қалыпан келтірудің хирургиялық әдісі – коронарлық тамырдың тарылған тұсын шунттар – дененің басқа жерінен алынған тамырларды тігу арқылы айналып өту.

Аурудың болжамы

Тиісті емдеуде аурудың симптомдарын бақылауға алып, болжамын едәуір жақсартуға болады.

Қашан дәрігерге көріну қажет

Стенокардияның белгісі болса, дәрігерге көрініңіз.

Жедел жәрдемді шақырыңыз, егер стенокардиядан туындаған ауырсыну:

·         Нитроглицерин қабылдағаннан кейін 5 минутта өтпесе

·         Нитроглицериннің 3 мөлшерлемесінен кейін өтпесе

·         күшейсе

·         нитроглицерин қабылдағаннан кейін қайталанса.

Алдын алу

Стенокардияның алдын алу үшін атеросклероз қаупінің факторларын жою қажет:

·         зиянды әдеттерді жою (темекі шегу, алкоголь тұтыну);

·         май алмасуы бұзылысын және қандағы холестерин жиналуын жою;

·         артериалдық қысымды бақылау;

·         артық дене салмағын жою;

·         дене жүктемесін бақылау;

·         қант диабетінде қандағы қант деңгейін бақылау;

·         майы төмен емдәм ұстану.

 

Ақпарат  көзіhttp://www.nlm.nih.gov/medlineplus/ency/article/000198.htm

 

Бұл сайтта берілген ақпарат Сізді қызықтыратын мәселемен жалпы танысуға арналғандықтан ауруларды немесе денсаулыққа байланысты қандай да бір мәселелерді анықтау және емдеу үшін қорытынды негіздеме болмайды.
 
Ауруларды немесе денсаулыққа байланысты қандай да бір мәселелерді анықтау және емдеу үшін медициналық ЖОО аяқтағандығы жөнінде сәйкес дипломы бар дәрігерге көрініңіз. Шұғыл жағдайларда «Жедел жәрдем» қызметіне хабарласыңыз.