.

Субдуральді гематома | zdrav.kz
X

Электрондық поштаңызға соңғы жаңалықтарды алыңыз

X

Получайте самые последние новости на свой e-mail

Субдуральді гематома

Субдуральді гематома – бас ішілік қысымның жоғарлауына әкелетін, қанның ми мен бассүйек арасына құюлуынан пайда болатын ауру. Қан құюлы бас-ми жарақатында венаның жыртылуынан жиі пайда болады.

Субдуральді гематоманың тез немесе кеш дамитын симптомдары:

  • Бастың қатты ауырсынуы.
  • Есінің шатасуы.
  • Қалтырау.
  • Моторлы функцияның бұзылысы, мысалы, жүріс-тұрыстың өзгерісі.

Жылдам қан құюлыда симптомдар бірнеше минут немесе сағат арасында дамуы мүмкін. Сәбилерде бір ғана немесе жұп еңбегі шермиіп қалады.

Аз ғана қан құюларда симптомдар бірнеше аптада дамуы мүмкін. Қан ұюдан кейін және қан құюлу тоқтағандан кейін де тіндердің айналасындағы сұйықтық сіңіріліп, ақырындап бас ішілік қысым көтерілуі мүмкін.

 

Аударған: Бердібек Ағабек

 

 
Бұл сайтта берілген ақпарат Сізді қызықтыратын мәселемен жалпы танысуға арналғандықтан ауруларды немесе денсаулыққа байланысты қандай да бір мәселелерді анықтау және емдеу үшін қорытынды негіздеме болмайды.
 
Ауруларды немесе денсаулыққа байланысты қандай да бір мәселелерді анықтау және емдеу үшін медициналық ЖОО аяқтағандығы жөнінде сәйкес дипломы бар дәрігерге көрініңіз. Шұғыл жағдайларда «Жедел жәрдем» қызметіне хабарласыңыз.