.

Сүт безі | zdrav.kz
X

Электрондық поштаңызға соңғы жаңалықтарды алыңыз

X

Получайте самые последние новости на свой e-mail

Сүт безі

Сүт безі – қабырғаларды қоршап жататын, кеуде бұлшықеттерінде орналасатын мүше.Әрбір сүт безі 15-20 бөліктерден тұрады. Әр бөлік көптеген бөлікшелерден тұрады. Бөлікшелер – өздерінен сүт бөле алатын, өте майда айнала орналасқан бездерден тұрады. Бөлікшелерде пайда болған сүт жіңішке түтікшелер арқылы ағып шығып, емізікшеге барады. Емізікше – кеуденің қара түсті терісі – ареоланың дәл ортасында орналасқан. Май тіні – бөліктермен түтікшелердің арасындағы бос кеңістіктерді жауап жатады.

олочные железы, строение

Сүт безінде сонымен қатар лимфа тамырлары орналасады. Бұл тамырлар майда домалақ келген – лимфа түйіндеріне барады. Лимфа түйіндері топталып сүт безінің маңында орналасады, яғни, бұлшықет асты шұнқырда, бұғана үстінде, кеуде торында (сүт безінің артқы жағында), және тағы да басқа жерлерде. Лимфа түйіндері – бактерияны, рак жасушаларын, басқа да қажетсіз (улы) заттарды өзінде үстап қалады.

 

Аударған: Бердібек Ағабек

Бұл сайтта берілген ақпарат Сізді қызықтыратын мәселемен жалпы танысуға арналғандықтан ауруларды немесе денсаулыққа байланысты қандай да бір мәселелерді анықтау және емдеу үшін қорытынды негіздеме болмайды.
 
Ауруларды немесе денсаулыққа байланысты қандай да бір мәселелерді анықтау және емдеу үшін медициналық ЖОО аяқтағандығы жөнінде сәйкес дипломы бар дәрігерге көрініңіз. Шұғыл жағдайларда «Жедел жәрдем» қызметіне хабарласыңыз.