Сүйел
Сүйел дегеніміз – сүйел вирусымен шақырылған терінің қауіпті емес туындысы.Көбінесе сүйелдер аяққа,қолға және бетке шығады, соның кесірінен адамда жуынғанда,қырынғанда жағымсыз сезім болуы мүмкін.
Сүйелдердің негізгі түрлері мыналар:
- Кәдімгі сүйелдер. Бұл жиі қолдарға және дененің кез келген жеріне шығатын сырты кедір-бұдыр,түсі күңгірт-сұр болатын сүйелдер.
- Табан асты сүйелдер. Бұл сүйелдер табанда пайда болады және сырты қаттылау, қалың терімен жанасқан қара нүктелері болады.
- Үшкір сүйелдер. Көбінесе қасаға,сыртқы өтіс түтігі,тік ішек және қынап аймағына шығатын сүйелдер.Бұлар өте кішкентай болып көзге көрінбеуі мүмкін,сондықтан тек түсінен ғана ажыратмыз.Сонымен қатар бұл сүйелдер тік ішектің,сыртқы өтіс түтігінің және жатыр мойнының қатерлі ісігін шақыруы мүмкін.
- Жалпақ сүйелдер. Сырты жалпақ,түсі ашық-қоңыр немесе ашық-сары түстес болып келетін,көбінесе бетке, аяққа және қолға шығатын сүйелдер.Бұл сүйелдер бір орынға бірнешеуі шығуы мүмкін.
- Жіп тәрізді сүйелдер. Түсі тері түстес,пішіні саусақ тәрізді болатын,көбінесе ауыз және мұрын аймағынашығатын сүйелдер.
- Тырнақ аймағына шығатын сүйелдер. Аяқ немесе қол тырнақтары аймағына шығатын,пішіндері әр түрлі болып келетін сүйелдер.Бұлар тырнақтың дұрыс өспеуіне әсер етуі мүмкін.
Емі. Әдетте емді қажет етпейді,алайда ауырсынуды тудыратын немесе көзге жағымсыз көрінетін болса емдеуге болады.Үй жағдайында салицил қышқылын қолдану арқылы егер ол көмектеспесе дәрігердің жазған емі бойынша криотерапия жасалады.Хируригялық жолменде емдеуге болады.
Аударған: Мелис Айбек
Бұл сайтта берілген ақпарат Сізді қызықтыратын мәселемен жалпы танысуға арналғандықтан ауруларды немесе денсаулыққа байланысты қандай да бір мәселелерді анықтау және емдеу үшін қорытынды негіздеме болмайды.
Ауруларды немесе денсаулыққа байланысты қандай да бір мәселелерді анықтау және емдеу үшін медициналық ЖОО аяқтағандығы жөнінде сәйкес дипломы бар дәрігерге көрініңіз. Шұғыл жағдайларда «Жедел жәрдем» қызметіне хабарласыңыз.