.

Сүзек (Брилла-Цинсер ауруы, Бөртпе сүзегі) | zdrav.kz
X

Электрондық поштаңызға соңғы жаңалықтарды алыңыз

X

Получайте самые последние новости на свой e-mail

Сүзек (Брилла-Цинсер ауруы, Бөртпе сүзегі)

Анықтамасы

Себептері

Симптомдары

Диагностикасы

Емі

Ағымы

Профилактикасы

 

Сүзек - тасымалдаушылары бит пен бүрге болып табылатын жұқпалы ауруы.

 

Пайда болу себептері

Сүзек тасымалдаушы - жәндіктердің тістеу салдарынан жұғады. Эпидемиялық бөртпе сүзек аса танымал түрі, оның қоздырғышы – риккетсия (Rickettsia prowazekii) болып табылады, ал тасымалдаушыларына - бас биті мен киім биті жатады.

Брилл-Цинсер ауруы - эпидемиялық сүзектің жеңіл түрі. Бұл ауру риккетсия қоздырғышын бұрын жұқтырған адамдарда, оның қайта белсендірілген кезінде пайда болады. Негізінен, аурудың бұл түрімен ересектер зардап шегеді.

 

Симптомдары

  • Бөртпе сүзектің симптомдарына мыналар жатады:
  • Асқазандағы ауыру сезімі
  • Арқадағы ауыру сезімі
  • Кеудеден тарайтын қызыл түсті нүктелі бөртпелер
  • Өте жоғары дене температурасы (40 градус C), ол 2 апта бойы жалғасады
  • Құрғақ жөтел
  • Бас ауруы
  • Буындар мен бұлшықтердегі ауырсыну
  • Лоқсу
  • Құсу
  • Эпидемиялық бөртпе сүзек симптомдары:
  • Қалтырау
  • Жөтел
  • Сандырақтау
  • Жоғары температура (40 градус)
  • Буындағы ауырсыну (артралгия)
  • Жарықтан қорқу:жарық өте жарқыраған болып көрінеді: жарықтан көз зақымдануы мүмкін
  • Төмен қан қысымы
  • Кеудеден бастап дененің басқа бөліктеріне дейін таралатын бөртпе (алақандар мен өкшелерден бөлек)
  • Қатты бас ауруы
  • Қатты бұлшықет ауруы (миалгия)
  • Мелшиіп қалу
  • Ерте кезеңдегі бөртпелер қызғылт түске ие және басқан кезде бозғылт болады. Кейінірек, бөртпе қоюлау және қызыл болады, басқан кезде жоғалмайды. Сүзектің ауыр түрімен зардап шегетін адамдардың терісінде аздаған қан құйылулар (петехиялар) болуы мүмкін.

 

Диагностикасы

  • Жалпы қан талдауында лейкоциттердің төмен деңгейі, анемия мен тромбоциттердің төмен деңгейі анықталуы мүмкін.
  • Басқа қан талдауларында:
  • Сүзек қоздырғышына қарсы антиденелердің жоғары деңгейі
  • Альбуминнің төмен деңгейі
  • Натрийдің төмен деңгейі
  • Бауыр ферменттерінің аздап жоғары деңгейі

 

Емі

  • Еміне мынандай антибиотиктер кіреді:
  • Доксициклин
  • Тетрациклин
  • Хлорамфеникол (сирек жағдайларда)
  • Тетрациклинді ауыз арқылы қабылдау өсіп келе жатқан тістерге дақ түсіруі мүмкін.
  • Сондықтан, әдетте тетрациклинді балалардың барлық күре тістері дамымайынша тағайындамайды.
  • Эпидемиялық бөртпе сүзекпен зардап шегетін науқастарға тамырішілік сұйықтық құю және оттегін беру қажет болады.

 

Ағымы

  • Эпидемиялық бөртпе сүзекпен ауыратын науқастар ем қабылдаған кезде 10-60 пайыз жағдайда өлімге алып келеді. 60 жастан асқан науқастар өлім қаупі жоғары топқа жатады. Уақытылы ем қабылдаған науқастар, әдетте өте тез және толық жазылады.
  • Бөртпе сүзекпен ауыратындардың 2 пайыздан азы өледі. Уақытылы антибиотикпен ем жүргізілсе барлық науқастар емделеді.
  • Мүмкін болатын асқынулар:
  • Бауыр жетіспеушілігі
  • Пневмония (өкпенің қабынуы)
  • Орталық жүйке жүйесінің зақымдануы

 

Профилактикасы

  • Егеу құйрықты бүргелер мен биттер мекендейтін жерлерден аулақ болыңыз.
  • Әдетте, тазалық сақтау және егеуқұйрықтарды азайтуға бағытталған шаралар жақсы алдын алу шарасы болып табылады.
  • Жұқпаны анықтағаннан кейін биттерден құтылу шаралары:
  • Шомылу
  • Киімді қайнату немесе кем дегенде 5 күн бойы паразиттердің жұқтырған киімдерін оқшаулау (осы аралықта биттер қорексіз өледі)
  • Инсектицидтерді қолдану (10% ДДТ, 1% малатион, или 1% перметрин).

 

 

Аударған: Дүйсенова Жаңылсын Бекқалиқызы

 

Бұл сайтта берілген ақпарат Сізді қызықтыратын мәселемен жалпы танысуға арналғандықтан ауруларды немесе денсаулыққа байланысты қандай да бір мәселелерді анықтау және емдеу үшін қорытынды негіздеме болмайды.
 
Ауруларды немесе денсаулыққа байланысты қандай да бір мәселелерді анықтау және емдеу үшін медициналық ЖОО аяқтағандығы жөнінде сәйкес дипломы бар дәрігерге көрініңіз. Шұғыл жағдайларда «Жедел жәрдем» қызметіне хабарласыңыз.