Сынықтың, буынның шығып кетуінің немесе байламдардың күшті созылуының салдарынан болатын сүйек-буынның деформациясы
Сынықтар, шығып кетулер және күшті байламдардың созылуы көбінесе, қол-яқтың немесе буынның бұратылуының, қисаюының немесе олардың қалыпты жағдайдан жылжуының себебі болады. Сынықтар, шығып кетулер және күшті созылулар келесі жағдайларды туындатуы мүмкін:
· Күшті ауырсыну.
· Ісіну және гематома түзілуі (қанталаулар).
· Сүйектің жылжуының сезілуі.
· Буынның бос қалуы.
· Қол-яқтың немесе буынның дұрыс қозғалмауы.
· Буынның қысылып, беттесуі (бүгілмейді немесе түзелмейді).
· Терінің жарақат тұсында немесе одан төмен тұсында салқындауы немесе солғын тартуы, ұйып қалуы және шаншуы. Бұл нервтер немесе қантамырлары зақымданса, немесе қысылса орын алады.
Сынық та терінің жарылуын туындатуы мүмкін. Кейбір жағдайларда сынған сүйек тері арқылы шығуы мүмкін. Жарақат аумағына бактериялар түсіп, терінің инфекциясымен қатар буынның немесе сүйектің терең инфекциясын туындатуы мүмкін.
Шығып кеткен сүйек те сүйектің маңайындағы қантамырын, нервтерді, байламдарды, сіңірлерді және бұлшық етті де зақымдауы мүмкін.
Байламдарды созу үлкен ісінуді туындатуы мүмкін, кейде қосымша жасырын жарақат болуын анықтау қиынға түседі. Созылу шағын, орташа және күшті болуы мүмкін.
Егер сізде қол-яқтың немесе буынның бұратылуын, қисаюын немесе олардың қалыпты жағдайдан жылжуын туындатқан жарақат болса, дәрігерге көріну қажет.