.

Тербеліс-діріл ауруы (Вибрационды ауру) | zdrav.kz
X

Электрондық поштаңызға соңғы жаңалықтарды алыңыз

X

Получайте самые последние новости на свой e-mail

Тербеліс-діріл ауруы (Вибрационды ауру)

Тербеліс-діріл ауруы дегеніміз - адам ағзасына ұзақ уақыт бойы діріл әсер еткенде болатын ауру. Көбінесе аяқ және қол зақымдалады.

Бұл ауру әдетте құрылысшыларда, машинисттерде,тігін машинасымен қолданатын тігіншілерде яғни дірілдейтін құралдармен жұмыс жасайтын жұмысшыларда пайда болады.Осындай құралдар бұлшық еттің, байламдардың, сүйек және буындардың өзгерістеріне алып келіп сол жердегі жүйке жүйесін зақымдайды.Зақымдалған аймақтардың қан тамырлары қысылып қандануы бұзылады.Кейбір адамдарда бұл ауру жарақат нәтижесінде,түрлі аурулар есебініен (склеродермия,ревматоидты артрит) немесе қан айналымды зақымдайтын дәрілерді (мысалы:никотин, кофеин,құрамында эфедрин бар препараттар) қабылдау әсерінен болады.

Аурудың алғашқы көрінісі.

Адам ағзасындағы шеткі қан тамырлар сыртқы ортадағы температураның төмендеу әсерінен қатты жиырылады.Осындай белгілер аяқ та,қолда сирек жағдайда мұрын және құлақта кездеседі.Олардың бозаруы болады, қолмен ұстап көргенде суықтану сезіледі.Кейде аяқ және қолда шаншып ауру сезімі және ісінуімен жүреді.Тербеліс-діріл ауруы кезінде осы белгілер анық білінуі немесе мүлдем болмауы мүмкін.

Симптомдары. Тербеліс-діріл ауруымен ауыратын науқастар мынадай шағымдармен келеді.

  • · Аз ғана уақыт болған суықтың әсерінен қолдарының немесе саусақтарының бозару белгілеріне.
  • · Саусақтарының шаншып ауру сезімі және сезімталдығының төмендеуіне.
  • · Саусақтардың бозару аралығында болатын ауру және суықтану сезіміне.
  • · Білезік сүйек күшінің төмендеуіне шағымданып келеді.

Емі.

Тербеліс-діріл ауруының емі профилактикамен қатар жүргізіледі. Оған суықтан,стресстен және басқа да тітіркендіргіштерден аулақ болу жатады.Егер осындай шаралар көмектеспесе онда дәрілік препарттар қабылдау керек.

 

Аударған: Мелис Айбек

 
Бұл сайтта берілген ақпарат Сізді қызықтыратын мәселемен жалпы танысуға арналғандықтан ауруларды немесе денсаулыққа байланысты қандай да бір мәселелерді анықтау және емдеу үшін қорытынды негіздеме болмайды.
 
Ауруларды немесе денсаулыққа байланысты қандай да бір мәселелерді анықтау және емдеу үшін медициналық ЖОО аяқтағандығы жөнінде сәйкес дипломы бар дәрігерге көрініңіз. Шұғыл жағдайларда «Жедел жәрдем» қызметіне хабарласыңыз.