Теріасты веналарының қабынуы
Терінің беткейінде орналасқан вена қабынуы мүмкін. Бұл жағдай кез келген венада, жиі балтыр веналарында кездесуі мүмкін. Бұл жағдай беткей тромбофлебит деп аталады.
- Вена бойында қызаруды көруге, лимфаны, жылулықты, аймақтың сезімталдығын сезуге болады.
- Тікелей тері беткейіндегі қан ұйындылары сирек жағдайда қиындықтар туғызады, себебі олар сирек ажырайды және қанағысымен жылжиды. Соған қарамай бұл жағдайдың балтырдың терең веналарының қабынуына қарағанда қаупі аз, тексерісті қажет етуі мүмкін.
- Беткей тромбофлебит- жиі демалу мен қабынуға қарсы препараттармен емдейді.
Аяқтың терең веналарындағы тромб қауіпті, себебі ол босап қанағысымен өкпеге қарай жылжуы(өкпе тамырларының эмболиясы) адам өміріне қауіп төндіруі мүмкін.
Терең веналардың тромбоз белгілері болып саналады:
- Аяқтардың бірінде ісіну, ауырсыну, қызару немесе аяқтардың формасының айқын ерекшелігі.
- Жүргенде немесе аяқ жоғары көтерілген қалыпта балтырда ауру сезімі.
Көптеген көктамырлар варикозы қауіпті медициналық мәселе болып табылмайды. Әлсіреген веналардағы қысым кей жағдайда медициналық тексеруді қажет ететін асқынуларға әкелуі мүмкін, мысалы, ойық жараға, қансырауға, беткейде ұйындылардың түзілуіне.
Аударған: Тилеубергенова Гулжазира Таңатарқызы
Бұл сайтта берілген ақпарат Сізді қызықтыратын мәселемен жалпы танысуға арналғандықтан ауруларды немесе денсаулыққа байланысты қандай да бір мәселелерді анықтау және емдеу үшін қорытынды негіздеме болмайды.
Ауруларды немесе денсаулыққа байланысты қандай да бір мәселелерді анықтау және емдеу үшін медициналық ЖОО аяқтағандығы жөнінде сәйкес дипломы бар дәрігерге көрініңіз. Шұғыл жағдайларда «Жедел жәрдем» қызметіне хабарласыңыз.