Тілме
Рожа (тілме) – іріңді (Streptococcus pyogenes)және алтын стафилококк (Staphylococcus aureus)шақыратын, теріні және шырышты қабықтардың ошақтық қабынуы. Тілме негізі терінің зақымдалуынан кейін пайда болады.
Дәрігер тілме симптомдарын көзден жіберіп алмауы керек:
- Терінің ісінуі, қызаруы, ауыруы және жергілікті температураның көтерілуі, сондай-ақ теріде жарықтар пайда болып, сұйықтықтар бөлінуі мүмкін.
- Қызарған жерден бастап, дененің ортасына қарай бағытталған сызықтардың (лимфангинит) болуы.
- Қызудың көтерілуі және қалтырау.
- Іріңді бөліністер.
- Лимфа түйіндерінің ұлғаюы.
- Жайсыздықты сезіну (сырқаттану).
Балаларда тілме бетте пайда болса, инфекцияның көзге немесе бас миына өтіп кетпеуі үшін дереу дәрігерге қаралуы тиіс. Негізі тілмені антибиотиктермен емдейді, және науқасты тыныштық жағдайда қалдырып, жылулық компрессорларды қояды. Қан ағуының баяулауы (веноздық тоқырау), ұзақ уақыт кетпейтін ісінулері, диабеті немесе иммундық жүйесінің бұзылуы бар науқастарда тілме пайда болса, оларды дереу ауруханаға жатқызу керек.
Аударған: Шардарбек Райымбек