Тістің түсуі кезіндегі алғашқы көмек
Көптеген жарақаттар нәтижесінде тістің түсуі сонымен қатар басқа тістер немесе ауыз қуысының басқа құрылымдары мысалы таңдай, иек немесе бет жарақаттануы мүмкін.
Түскен тістің орнына жаңа тұрақты тіс қоюға болады (реимплантант). Отыз минут ішінде тісті реимплантациялағанда өте жақсы нәтижеге қол жеткізуге болады. Екі сағат өткеннен кейін сәтті имплантациялау мүмкіндігі екіталай.
- Тісті табу.
- Сүт тістерге: қансырауды тоқтату үшін таза дәкені қызыл иекке және тіс ойысына қойып 15 минут ұстаңыз. Сүт тістер қайта имплантацияланбайды, имплантациялау өсе келе дамитын тұрақты тістердің дамуына кедергі келтіруі мүмкін. Тіс түсуге дайын тұрса да міндетті түрде тіс дәрігеріне көрсету керек.
- Тұрақты тістерге: Таза дәкені қойып, төменді сипатталған қадамдарды орындаңыз.
2.Тісіңізді абайлап тістің жоғарғы жағынан ұстап (тіссауыттан) ағынды сумен шайыңыз.Сүртпеңіз және тіс түбірінен ұстамаңыз.
3. Тісіңізді ойдағыдай тіс дәрігеріне тасымалдауға дайындаңыз.
- Ең жақсы тасымалдау әдісі –бұл тісті өз ойысына қою. Абайлап тісіңізді өзінің қалыпты орнына қойыңыз. Тісті ұстап тұру үшін таза дәкені немесе ылғалданған шәй қалташасын тісіңізбен тістеңіз. Тасымалдау кезінде тісіңізді ойысында саусағыңызбен ұстап тұрыңыз. Ересек адам немесе жасөспірімдер тісін қызыл иек пен ұрт арасында немесе тіл астында жұтып қоймауға тырысып ұстауына болады. Кішкентай жастағы балаларға жасауға болмайды.
- Егер ересек адам немесе бала тісін ойысында ұстап тұруға өте мазасыз болса, онда сүтке салыңыз. Сүт болмаған жағдайда суға немесе Ханка немесе Save-A-Tooth секілді дәрігердің рецептінсіз жіберілетін ерітінділерге салыңыз.
- Тісті тұзды суға, алкоголь немесе ауыз шайқауға арналған сұйықтықтарға салуға болмайды.
4. Емдеуді ұйымдастыру үшін тез арада тіс дәрігеріне хабарласыңыз. Егер хабарласуға мүмкіндік болмаған жағдайда тез арада жедел жәрдем көмегімен бару керек. Тісті ұмытып кетпегеніңізге көз жеткізіңіз.
Аударған: Тилеубергенова Гулжазира Таңатарқызы