.

Токсикоз | zdrav.kz
X

Электрондық поштаңызға соңғы жаңалықтарды алыңыз

X

Получайте самые последние новости на свой e-mail

Токсикоз

Токсикоз – өзін жайсыз сезінетін, ерекше жағдай. Ол масаю сияқты, бірнеше уақытқа созылады. Ананың организмінде ұрықтың дамуы кезінде, жүкті әйел зиянды заттармен уланатын болса, токсикоз пайда болады.

Ерте токсикоз – ұрықтың пайда болуынан алғашқы 12 аптада жүктілерді мазалайды. Жүкті әйел әлсізкке, сілекей бөлінудің жоғарлауына, тәбетінің төмендеуіне, дәс сезудің өзгерісіне шағымданады. Оны бұл жағдай есеңгіртеді. Ауыр жағдайда күнсіз де түнде де, 20 дейін жететін құсу мазалауы мүмкін. Нәтижесінде организмде судың азаюынан, сусыздану пайда болып, жүкті әйел кенеттен арықтайды. Оның терісі құрғайды және босайды, температурасы көтеріледі, пульсі жиілейді, қан қысымы төмендейді.

Кеш токсикоз – бұл қте қауіпті жағдай. Жүктіліктің 20 аптасынан бастап босанғанға дейін аралықты қамтиды. Жүкті әйелде бұл кезде құсу мазаламайды, ода ісіктер пайда болады; бірінші аяқта, сосын қолда, сосын бетте пайда болады. Егер емделмесе ісік бүкіл денеге таралады. Сонымен қатар токсикозда қан қысымы 140/90 немесе одан да жоғары көтеріліп, тіпті дәрілермен төмен түсіруде қиындық туғызады. Сосын одан да жоғарлай береді. Кеш токсикозда дәрігерлердің көмегінсіз науқаста өмірге маңызды мүшелер зақымдануға ұшырауы мүмкін: бүйрек, өкпе, жүрек, ми. Бұл кезде жүкті әйелде бастың ауруы, бас айналу, көз көрудің нашарлауы, құлақтағы шу, құсу, жүрек айну, іш аймағында ауырсыну болады. Тіпті токсикозда жүктіліктің екінші жартысында экламсия пайда болады. Экламсияның пайда болуы – қалтырау бірге жүретін есті жоғалту. Такие судороги может спровоцировать громкий звук, яркий свет, боль. Экламсия жүкті әйелді өлімге әкелетін ауыр бұзылыстың нәтижесі болып табылады. Өлімнің себебі болып табылады: миға қан құюлу, жедел тыныс алу, бүйрек жеткіліксіздігі. Бұл кезде сонымен қатар плацентаның ерте ажырауы жүруі мүмкін.

Емі

Ерте токсикоз. Кез-келген токсикоздың болжамы жақсы емес. Токсикоздың бірінші симптомдары пайда болғанда бірден жылдам акушер-гинекологка барыңыз. Дер кезінде емделсе, мүмкін болатын қалайсыз жағдайларды болдырмауға болады. Ерте токсикоз кезінде жиі, бірақ аз-аздан тамақтанған жөн. Тағам қатты ыстық күйінде қабылдауға болмайды. Тұрақты салмағыңызды өлшеп тұрыңыз, егерде салмағыңыз жоғарлап немесе төмендейтін болса – бұл апаттық белгі болып табылады. Токсикоз жайсыз жағдай болса да, жүктілікті сақтауға тырысыңыз, себебі келесі жүктілікте токсикоз қайталанып, ауыр формада болуы мүмкін.

Кеш токсикоз.Кеш токсикоздың емі ауруханад жүргізіледі. Төсектің режим мен стрестік факторлардан аулақ болу негізгі болып табылады. Жүкті әйел сұйықтық пен тұз шектелген диетаны сақтау керек. Қан қысымын төмендету үшін арнайы дәрілер қолданылады. Егер керек болған жағдайда ақуыз препараттарын вена арқылы тамшылатып жіберу арқылы енгізеді. Ауыр жағдайда, жүргізілген ем нәтижесіз болса, экламсияның алдын алу мақсатында – жүктілікті үзу керек.

 

Аударған: Бердібек Ағабек

 

 

 
Бұл сайтта берілген ақпарат Сізді қызықтыратын мәселемен жалпы танысуға арналғандықтан ауруларды немесе денсаулыққа байланысты қандай да бір мәселелерді анықтау және емдеу үшін қорытынды негіздеме болмайды.
 
Ауруларды немесе денсаулыққа байланысты қандай да бір мәселелерді анықтау және емдеу үшін медициналық ЖОО аяқтағандығы жөнінде сәйкес дипломы бар дәрігерге көрініңіз. Шұғыл жағдайларда «Жедел жәрдем» қызметіне хабарласыңыз.