Трахеит
Мазмұны
Себептері
Симптомдары
Диагностика
Емдеу
Болжамы
Мүмкін асқынулары
Қашан дәрігерге көріну қажет
Синонимдары
Жалпы ақпарат
Трахеит –көмейдің (кеңірдектің) бактериалдық инфекциясы.
Себептері
Бактериалдық көбінесе, алтын түсті стафилококк бактериясынан болады. Әдетте, ауру жоғарғы тыныс алу жолдарының жақында болған вирустық жұқпасынан кейін пайда болады. Трахеит кішкентай балаларда жиі кездеседі, себебі, олардың шағын көмейі ісінумен жеңіл бітеледі.
Симптомдары
-
Қыспақ жөтел (қылғынатындай)
-
Тыныс алудың қиындауы
-
Жоғары қызба
-
Ысқыратындай шулы тыныс алу (стридор)
Диагностика
Дәрігер науқасты қарап, стетоскоптың көмегімен өкпені тыңдайды. Қараудың барысында тыныс алу кезінде қабырғаның арасындағы бұлшық еттің ішіне қарай тартылуы байқалуы мүмкін. Бұл қабырға аралық ретракция аталады.
Ауруды анықтаудың әдістері:
- Қандағы оттегінің деңгейін анықтау
- Мұрын-жұтқыншақтан бактерияның өсіндісін алу
- Кеңірдектен бактерияның өсіндісін алу
- Кеңірдектің рентгені.
Емдеу
Тыныс алудың мәселелерін жою үшін көбінесе, баланың тыныс алу жолдарына эндотрахеалдық түтік аталатын арнайы түтікті енгізу қажет болады.
Балаға көктамыр арқылы антибиотиктер енгізу тағайындалады. Қажет болса, медицина қызметкерлері тыныс алуды және қанның оттегімен қанығуын мұқият бақылайды.
Болжамы
Уақытылы емдегенде оң болжамды.
Мүмкін асқынулары
-
Тыныс алу жолдарының бітелуі – өлім-жітімге апаруы мүмкін.
-
Инфекциялық-уыттық шок – егер трахеит стафилококк бактерияларынан туындаған болса.
Қашан дәрігерге көріну қажет
Трахеит – шұғыл медициналық көмекті талап ететін ауру. Егер вирустық инфекциядан кейін балада кенеттен жоғары температура, ушығатын жөтел, немесе тыныс алудағы мәселелер пайда болса, шұғыл медициналық жәрдем бөлімшесіне хабарласыңыз.
Синонимдары
Бактериалдық трахеит; Жіті бактериалдық трахеит