Трихомониаз
Мазмұны
Трихомониаз – қоздырушысы іншек трихоманадасы Trichomonasvaginalis бактериясы болатын ауру. Бұл инфекция жыныстық жолмен беріледі.
Әйелдердің жыныстық жүйесі
Ерлердің жыныстық жүйесі
Көбінесе, жұқпалану науқас адаммен немесе инфекцияны жұқтырған адаммен жыныстық қатынаста орын алады.
Жұғуына себеп болуы мүмкін:
· Қорғаныссыз жыныстық қатынас;
· Жыныстық серіктестердің көп болуы;
· Венерологиялық аурулардың емделмеуі немесе бұрын болуы;
· Жыныстық серіктестерді таңдамау;
Іншек трихомонадасы жалған аяқшаларымен белсенді қозғалуға қабілетті. Несеп шығару жолдарына немесе жыныстық ағзаларға түсіп, трихомонадалар жасушаларға аяқшаларымен тез бекиді. Одан кейін микроорганизмдер қарқынды көбейе бастайды. Олар тым көбейіп кетсе, адамның жасушаларын зақымдай бастайды.
Трихомониаз ойықжара түзілуін туындатады, бұл вирустардың жұғу қаупін арттырады, мысалы, В және С гепатитін. Бұл жыныстық жолмен таралатын кең таралған жұқпалар.
Әйелдерде трихомонадалар жатыр мойнында, іншекте, қуықта, несеп шығару жолында анықталады. Ерлерде трихомонадалар несеп шығару жолында, қуық асты безінде ,аталық бездің қосалқысы мен шәуетте анықталады.
Әйелдерде:
· Симптомдары жұқпаланудан кейін 28-ші күнге қарай көрініс береді
· Жыныстық қатынас кезіндегі жайсыздық
· Бөксенің ішкі бетіндегі қышу
· Іншектен бөлінді шығуы (аздаған, жасыл-сары, көпіршікті)
· Іншек қышуы (жыныс жолдарының қышуы)
· Клитордың ісінуі
· Жыныстық жолдардан жағымсыз иіс шығуы.
Ерлерде:
· Несеп шығарудан немесе шәует шашудан кейін күйдіру сезімі
· Үрпінің қышуы (несеп шығару жолы)
· несеп шығару жолынан аздаған бөлінді шығуы
Трихомониазды анықтау үшін іншектен (әйелдерде) несеп шығару жолдарынан, қуық асты безінің сөлінен (ерлерде) жұғынды алып, микроскоппен қарайды. Жалпы жұғынды нәтижесі зерттеудің дәл әдістерімен расталады.
Әйелдерге қарағанда ерлерде ауруды анықтау қиынырақ.
Әдетте, емдеу үшін метронидазол және басқа антибиотиктер қолданылдады. Дәрі ішу кезінде жыныстық қатынасқа түспеу және алкоголь ішпеу қажет. Қос жыныстық серіктес те емделуі тиіс, аурудың симптомдары біреуінде болмаса да.
Дұрыс емдеуде ауру толығымен жазылады.
Аурудың мүмкін асқынулары - жатыр мойнының қатерлі ісігі , бедеулік, АИТВ (ВИЧ), сондықтан, дереу дәрігерге көріну қажет.
Ерлерде кейде трихомониаздың салдарынан простатит (қуық асты безінің қабынуы) дамуы мүмкін.
Трихомониазға күмәндансаңыз немесе симптомдары болса, дәрігерге көрініңіз.
Өзіңіз емделіп, жыныстық серіктесіңіз емделмесе, қайтадан жеңіл жұқтыруыңыз мүмкін.
Жыныстық серіктесіңізге ауру туралы хабарлау маңызды, оны ешнәрсе мазаламаса да тексеруден өтіп, емделгені дұрыс. Аурудың симптомсыз өтуі оның асқынуының даму қаупін азайтпайды.
Моногамдық (1 ғана жыныстық серіктес) қатынастар – аурудың алдын алуда сенімділік береді.