Туберкулез
Мазмұны
Дәрігер науқасты туберкулезге қалай тексереді?
Туберкулездің белсенді екендігін қалай білуге болады?
Туберкулезді емдеу үшін қандай препараттар қолданылады?
Туберкулез дегеніміз не?
Туберкулез (ТБ) –бактериялардан туындаған инфекциялық ауру. Әдетте, туберкулез кезінде өкпе зақымданады, бірақ, үрдіс буындарға, несепқапқа, омыртқа бағанына, миға, және дененің басқа бөліктеріне тарауы мүмкін.
ТБ екі түрі болады:
- Жасырын немесе белсенді емес туберкулез: организмде бактериялар болғанымен, аурудың симптомдары туындамайды. ТБ бұл түрі жұқпалы емес.
- Белсенді туберкулез: организмде бактериялар болады және симптомдары туындайды. Науқас инфекция көзі болып, қоршаған адамдарға жұқтыруы мүмкін.
Аурудың симптомдары қандай?
Туберкулез белсенді болмаса, аурудың ешқандай симптомдары болмайды. Белсенді туберкулездің симптомдары:
- 3 аптадан артық уақытқа созылатын, кейде қан қақырығы болатын жөтел
- Кеудедегі ауырсыну
- Қызба
- Шаршау
- Жоспарланбаған салмақ жоғалту
- Тәбетті жоғалту
- Қалтырау және түнгі тершеңдік.
Туберкулез буынды зақымдаса, артритке ұқсайтын ауырсыну пайда болуы мүмкін. Туберкулез несепқапты зақымдағанда несеп шығаруда ауырсыну және несепте қан байқалуы мүмкін. Омыртқа бағанының туберкулезі арқада ауырсыну пайда болуымен және аяқтың салдануымен сипатталады. Мидың туберкулезі бас ауыруын, жүрек айнуын және мидың зақымдануын (емделмесе) туындатады.
Дәрігер науқасты туберкулезге қалай тексереді?
Көпшілік жағдайда туберкулезді анықтау кеуде қуысының шолу рентгенографиясы және қарап, тексерумен жүргізіледі. Оның барысында туберкулездің белсенділігі анықталып, басқа адамдарға жұқтыруға қабілеттілік анықталады.
Туберкулездің белсенді екендігін қалай білуге болады?
Туберкулез бактериялары организмде болуы мүмкін, бірақ науқас ол туралы білмеуі мүмкін. Дегенмен, белсенді туберкулезде аурудың симптомдары көрініс береді.
Белсенді туберкулезбен ауырған адам, толық емдеу курсын өткеннің өзінде өмір бойы ұдайы медициналық тексеруден өтіп, кеуде қуысының рентгенін түсіріп отыруы қажет, қайтадан туберкулезге шалдықпауы туралы сенімді болуы тиіс.
Туберкулез қалай емделеді?
Туберкулезді емдеу үшін антибиотиктер тағайындалады. Дәрілік препараттарды таңдау жасқа, денсаулық жағдайына, туберкулез үрдісінің түріне (белсенді немесе белсенді емес), сондай-ақ, ТБ дәрілік препараттарға тұрақтылығына (препараттардың барлығы емдеуге жарамды емес) байланысты болады.
Туберкулезден препараттарды 6-9 ай бойы қабылдау қажет. Дәрігер қанша уақыт бойы ішу қажеттігін айтады. Дәрігердің нұсқауын мұқият орындау қажет. Ұмытпау үшін дәріні көрінетін жерде ұстаған жөн. Күнделікті бір уақытта қабылдаған жөн. Қабылдауды өткізіп алмау, тоқтатпай қабылдау қажет. Олай болмаса, ауру емдеуге көнбеуі мүмкін.
Туберкулезді емдеу үшін қандай препараттар қолданылады?
Туберкулезді емдеудің кең таралған дәрілік препараттары:
- Изониазид
- Рифампицин
- Этамбутол
- Пиразинамид
Дәрігердің ұсынысына сай осы дәрілердің бірін немесе бірнешеуін қабылдау қажет. Олардың әдетте, жанама әсерлері жоқ. Дегенмен, туберкулезге қарсы препараттар бауырды зақымдауы мүмкін. Күрделі жанама әсерінің тізімі төменде келтіріледі.
Бұл дәрілерді қабылдауда алкогольді немесе ацетаминофенді тұтынуға тыйым салынады. Олар бауырда мәселелер пайда болу қаупін арттырады. Кез келген басқа дәрілерді қабылдауда дәрігермен кеңесу қажет, себебі, антибиотиктермен бірге қабылдауда жанама әсерлері пайда болуы мүмкін.
Емдеу курсын өтуде дәрігер науқасты ай сайын бақылайды. Мысалы, дәрігерге тексерілу, рецепт алу және препараттардың жанама әсері болуын тексеру үшін көрінесіз.
Туберкулезге қарсы препараттардың жанама әсерлері сирек болғанымен, олар күрделі болуы мүмкін. Келесі сипмтомдардың бірі пайда болса, шұғыл түрде дәрігерге көріну қажет:
- Жүрек айнуы
- Құсу
- Іштегі ауырсыну
- Көрудің айқын болмауы немесе дальтонизм
- Несеп қошқыл-кофе түсті
- Қызба, 3 күннін артық
- Сары ауру (тері мен көздің ағының сарғаюы)
Дәрігерге қойылатын сұрақтар
- Туберкулез қалай жұғады?
- Ауруханада жұмыс істеймін. Менеджерге ауруханада туберкулезді жұқтырған болуым мүмкін екендігін айтуым қажет пе?
- Қандай емдеу маған жарамды?
- Туберкулездің белсенді түрімен ауыруым мүмкін бе?
- Егер симптомдарым нашарласа, қашан дәрігерге көрінуім қажет?
- Отбасымның қасында болуым қауіпсіз бе?
- Жөтелді жеңілдетуім үшін дәрілік препарат бар ма?
- Басқа дәрілерді қабылдаймын. туберкулезге қарсы емдеуде қандай препараттарды бірге қабылдау қауіпсіз болады?
- Дәрігерге қаншалықты жиі көрінуім қажет?
- Туберкулезді емдеп жазу мүмкін бе?