Тыныс алу жолдарында тұрып қалған немесе жұтып қойған заттар
Мазмұны
Жалпы ақпарат
Егер бала қандай да бір үшкір емес және қауіпсіз затты жұтып қойса, және ол көмейінде тұрып қалмаса, ол нәжіспен бірге өздігінше шығуы мүмкін.
Өздігінше шығуын күткен кезде баланы мұқият қадағалаңыз және егер құсу, сілемей ағуы басталса, тамақтан бас тартса, қызу, жөтел, демін тартқанда шулы тыныс алу немесе ысқыратын дыбыс пайда болса, дәрігерді шақырыңыз. Және егер екі күнде зат нәжіспен шықпаса да дәрігерге көріну қажет (затты нәжістен іздеу үшін сүзгілеу қажет).
Егер бала қанда да бір өткір (мысалы, тіс шұқығыш немесе ине) немесе қауіпті затты (сағат батареясы немесе бірнеше шағын магнит) жұтып қойса, сау болып көрінсе де баланы дәрігерге апарыңыз. Бұл заттар ас қорыту жолына түскенге дейін алынуы тиіс, себебі, олар өңешті, асқазанды немесе ішекті тесуі мүмкін; қауіпті заттектерді сілтілендіруді туындату немесе шағын электр тогын қолдану қажет.
Дәрігер не істейді?
Дәрігердің әрекеті баланың не жұтқандығына және ол заттың қайда шоғырлануына байланысты. Заттың орнын анықтау үшін дәрігер рентген тағайындауы мүмкін.
Егер дәрігер зат өздігінше баланың ас қорыту жүйесінде қауіпсіз жылжиды деп санаса, жуырдағы бірнеше күн ішінде баланың нәжісін қадағалауды ұсынады. Осы уақыт ішінде заттың қозғалуын қадағалау үшін тағы бір рентгендік зерттеу өткізілуі мүмкін.
Егер нысан тыныс алу жолында болса, немесе өңеште/асқазанда тұрып қалса, және ол зат өткір немесе қауіпті болса, дәрігер оны алып тастауы қажет. Зат өңеште немесе асқазанда орналасқанда дәрігер эндоскопты (ұшында жарығы бар ұзын, жіңішке түтік) қолданады. Егер ол тыныс алу жолдарында болса, дәрігер бронхоскоп атты аспапты қолданады. Кейбір жағдайда хирургиялық араласу қажет болуы мүмкін.
Бала тұншықса не істеу қажет?
Тұншығу кезінде алғашқы жәрдем көрсету туралы ақпаратты алу үшін тұншығу және жүрек-өкпе реанимациясын өткізу бойынша біздің нұсқаулығымызбен танысыңыз. Әр адам жүрек-өкпе реанимациясын өткізу бойынша әдіс және алғашқы жәрдем көрсету шаралары туралы білуі қажет.
Баланың аузына түрлі заттардың түсуінің алдын алатын қандай да бір тәсілдер бар ма?
Сәби әдетте, аузына түрлі заттарды салады, алайда, көптеген балалар әлемді танудың бұл әдісінен мектеп жасына жеткенге дейін өтеді.
Егер мектеп жасындағы балады бұл әдеті қалса, олай істемеуі жайында сөйлесу қажет. Балаға ойыншықта болатын микробтар және бірнәрсені жұтып қойса пайда болатын қауіптер туралы айтыңыз. Қажет болса, балаға бұл туралы ескертіп отыруға болады.
Баланың ата-аналары, күтушілері және дәрігерлері шұғыл көмек көрсету және жүрек-өкпе реанимациясын өткізу бойынша әдістерге үйренуі тиіс.