.

Тырнақтың бір бөлігінің бөлініп (ажырап, сынып) түсүі | zdrav.kz
X

Электрондық поштаңызға соңғы жаңалықтарды алыңыз

X

Получайте самые последние новости на свой e-mail

Тырнақтың бір бөлігінің бөлініп (ажырап, сынып) түсүі

Тырнақтың бір бөлігінің бөлініп (ажырап,сынып) түсүі көптеген себептерден болуы мүмкін, оларға:
 
Жарақат. Жарақаттан болатын жұлыну, ұзын тырнақтары бар адамдарға тән. Байқаусызда ұрып немесе қысып алған жағдайда тырнақ сынуы мүмкін.
Тырнақтағы саңырауқұлақ инфекциясы, қолдағыға қарағанда көбінесе аяқтағы тырнақтарда кездеседі. Тырнақтың шытынауы, сарғаюы, түссізденүі, жұқаруы осындай белгілері болады.
Терінің қалпы, мысалы псориаз.
Кейбір химиялық заттар, мысалы жуғыш заттар, ацетон тырнақтағы бояуды кетіретін заттар.
Емі, мысалыға химиялық терапия немесе молярлы ем.
Ауыр ауру.
Тырнақ сынған кезде негізгі емі оны алып тастау, зақымдалған жерді құрғақ ұстау керек инфекцияның алдын алу үшін, жаңа тырнақ өсіп шыққанға дейін. Сондай-ақ, тырнақты бөлуге себеп болатын инфекция немесе тері жағдайын да емдеу керек.
Егер тырнақтың бір бөлігі сынып кетсе оны қайта орнына жалғауға болмайды. Жаңа тырнақ өсіп жығуы керек. Тырнақ баяу өседі, қолдың тырнақтары 6 ай ішінде өссе, аяқтағы тырнақ 18 ай ішінде өсіп шығады.
Қант диабеті және перифериялық қан айналымы бұзылыстары қан ағымының төмендеуіне және аяқтың сезімталдығының төмендеуіне әкелуі мүмкін. Емделмеген тырнақ жарақаттары инфекцияға, ойық жаралар мен басқа да маңызды ауруларға әкелуі мүмкін.
 
Аударған: Айтмұқаев Ернұр
 
Бұл сайтта берілген ақпарат Сізді қызықтыратын мәселемен жалпы танысуға арналғандықтан ауруларды немесе денсаулыққа байланысты қандай да бір мәселелерді анықтау және емдеу үшін қорытынды негіздеме болмайды.
 
Ауруларды немесе денсаулыққа байланысты қандай да бір мәселелерді анықтау және емдеу үшін медициналық ЖОО аяқтағандығы жөнінде сәйкес дипломы бар дәрігерге көрініңіз. Шұғыл жағдайларда «Жедел жәрдем» қызметіне хабарласыңыз.