Улану
Бұл не? Улану кездейсоқ немесе қасақана болуы мүмкін, мысалы, суицид әрекеттері. Кез келген улануды медициналық бағалау қажет. Зиян және улы заттар тыныс алу жолымен жұтып, денеге кіріп, теріңізге төгілуі немесе көзге түсуі мүмкін. Улану дәрежесі жәбірленушінің жасына, улы агенттердің түріне және оның мөлшеріне байланысты.Табиғи қызығушылығына байланысты балалар көбіне улану қаупіне жиіұшырайды.50%уланғандардың көбісі 6 жастан кіші балалар. Кейбір адамдарда бауыр немесе бүйрек ауруы себебінен улану қаупі артады.
Не істеу керек? Егер сізде улануға күдігіңіз болса, дереу улануды бақылау орталығына, ауруханаға немесе дәрігерге хабарласыңыз. Егер сіз бөтелкедегі дәрі-дәрмектерді немесе уларды тапсаңыз - оны өзіңізге сақтаңыз, себебі қабылдаушыға у жөнінде ақпарат беру үшін, мөлшері және уды қабылдаған уақыты жайлы. Уланған адамның жасын салмағын айтуға дайын болыңыз.
Аударған: Айтмұқаев Ернұр