Үрейлену (мазасыздану) бұзылысы
Мазмұны
Үрейлену (мазасыздану) бұзылысы – психикалық бұзылыс, белгілі бір нысандармен немесе жағдаймен байланысты емес, ұдайы үрейлену (мазасыздану) сезімімен сипатталады.
Үрейлену (мазасыздану) бұзылысы – аса кең таралған құбылыс, тұқым қуалайды. Сондай-ақ, оның симптомдарының дамуына күйзеліс те ықпал етеді.
Ерлерге қарағанда әйелдер жиі ұшырайды. Бұл психикалық бұзылыс кез келген жаста кездеседі, оның ішінде, балаларда да.
Басты симптомы – қандай да бір себепсіз, ұдайы толқу немесе ширығу сезімі. Күйгелектену және толқу сезімі біртіндеп жинақталады, материалдық тұрғыдан, денсаулық тарапынан болатын отбасындағы немесе жеке өміріміздегі мәселелерден, т.б. Адамдардың көпшілігі жастайынан болған ұдайы және тоқтамайтын толқу сезімі туралы айтады. Толқу үшін себеп болмаса да, адам өзінің көңіл-күйін бақылауы қиынға түседі.
Үрейлену (мазасыздану) бұзылысының басқа симптомдары:
· Жүрек соғуының жиілеуі;
· тершеңдік;
· тремор (дірілдеу);
· тыныс алудың қиындауы, көмейде түйілгендей сезім немесе жұтудың қиындауы;
· кеудедегі ауырсыну және жайсыздық;
· жүрек айнуы немесе абдоминалдық жайсыздық (асқазандағы күю сезімі, ауырсыну, іш қатуы);
· бас айналуы немесе естен тану;
· заттардың шынайылық еместігі сезімі, немесе адамның «өзінен» алыстау сезімі, немесе өзін нақты «осы жерде еместігін» сезіну;
· бақылауды жоғалтудан үрейлену, естен адасудан үрейлену, өлім-жітімге ұшыраудан үрейлену;
· ысыну немесе қалтырау;
· жансызданып, ұйып қалуды немесе шаншуды сезіну;
· бұлшық еттің шиырғуы немесе ауырсыну;
· күйгелектену сезімі, «шектен шығатындай» немесе психикалық ширығу;
· назарды шоғырландырудың мүмкін болмауы немесе мазасыздану сезімінің салдарынан ойлана алмау;
· ұдайы ашушаңдық;
· ұйқының бұзылысы, шаршау;
· бас ауыруы.
Дәрігер келесіні өткізеді:
· науқасты қарап, психикалық жағдайын талдайды;
· бірнеше тестілер (ұқсас шағымдар айтылатын басқа ауруларды ескеру үшін).
Емдеудің мақсаты – науқастың психикалық денсаулығын қалпына келтіру.
Дәрілік препараттар және танымдық-мінез-құлықтық емдеу қолданылады (адамның ойлауын, нанымын, мінез-құлығын түзету).
Дәрілерді қабылдау – емдеудің маңызды бөлігі. Емдеу басталғаннан кейін препараттарды қабылдауды күрт тоқтатуға болмайды. Дәрігерлер тағайындайтын дәрілер:
· антидепрессанттар, серотонинді және норадреналиннің кері қамтылуының селективтік тежегіштері– бұл препараттар үрейлену (мазасыздану) бұзылысы кезінде байқалатын организмдегі серотонин мен норадреналиннің тапшылығын жояды;
· құрысуға қарсы препараттар, олар үрейлену (мазасыздану) бұзылысының ауыр түрін емдеу үшін қолданылады.
Егер антидепрессанттар симптомдарға көмектеспесе, бензодиазепиндерді қолданады – бұл препараттар жүйке жасушаларының қозғыштығын азайтады. Оларды қысқа курспен қолданады, себебі, ұзақ уақыт бойы қабылдау тәуелділікке апаруы мүмкін.
Танымдық -мінез-құлықтық емдеу (адамның ойлауын, нанымын, мінез-құлығын түзету) науқасқа өзінің мінез-құлығының себебін түсінуге және көңіл-күйін бақылауға алуға көмектеседі. Әдетте, 10-20 сеанс өткізіледі. Бұл емдеу кезінде науқас келесіге үйренеді:
· өмірдегі күйзеліске өзіндік қате серпінді бақылауға алуды қалпына келтіру және түсіну ;
· қоршаған адамдардың мінез-құлығын немесе өмірлік оқиғаларды түсіну;
· паника сезімін туындататын ойларды анықтап, алмастыру;
· өзін-өзі бағалауды арттыру;
· күйзелісті меңгеру және симптомдар кезінде босаңсу;
· симптомдардың қайталануына апаруы мүмкін маңызды емесе мәселелер туралы ойлауды тоқтату.
Осындай жағдайды туындатуы мүмкін кейбір медициналық препараттарды, кофеинді, есірткілік заттектерді тұтынуды тоқтату аурудың барысын жеңілдетеді.
Салауатты өмір салты – дене жаттығулары, демалыс, тиімді тамақтану – мазасыздану сезімін азайтады.
Үрейлену (мазасыздану) бұзылысынан арылу дәрежесі психикалық бұзылыстың ауырлығына тәуелді. Үрейлену (мазасыздану) бұзылысы қайтадан пайда болуы және емдеуге аз көнуі мүмкін. Дегенмен, науқастардың көпшілігі дәрілік препараттарды қабылдаудан және танымдық-мінез-құлықтық емдеуден кейін аурудың симптомдарынан арылады.
Үрейлену (мазасыздану) бұзылысы депрессияға немесе психикалық-белсенді заттектерді шамасынан көп қабылдауға, үйірлікке апаруы мүмкін.
Ұдайы толқу сезімі күнделікті өмір салтына кедергі келтіретін болса, дәрігерге көріну қажет.
Күйзелістің алдын алу немесе басу үшін салауатты өмір салтының құрамбөліктері кіретін алдын алу шараларын өткізу ұсынылады:
· ұдайы дене жүктемелері
· үйлесімді және тиімді тамақтану
· өмірге дұрыс көзқарасты және өмірге қуана білуді қалыптастыру.
Ақпарат көзі: АҚШ Ұлттық денсаулық институттарының мәліметтер қоры:
http://www.nlm.nih.gov/medlineplus/
Материалды дайындағандар:
Зейнаб Махмудова, HealthСity жобасының дербес үйлестірушісі
Альфия Абдрахманова, HealthСity жобасының дербес үйлестірушісі
Редакциялық алқа:
Алмаз Шарман, медицина профессоры
Ләзат Ақтаева, м.ғ.д.
Сәлім Смайылов, б.ғ.к.
Шыңғыс Жұмағұлов, zdrav.kz порталының контент-менеджері.