.

В гепатитіне қарсы екпе | zdrav.kz
X

Электрондық поштаңызға соңғы жаңалықтарды алыңыз

X

Получайте самые последние новости на свой e-mail

В гепатитіне қарсы екпе

Анықтамасы

Екпе кімге жүргізілуі тиіс

Қауіп-қатерлері мен жанама әсерлері

Қосымша нұсқаулықтар

Мынандай жағдайларда дәрігерге қаралыңыз

В гепатитіне қарсы екпе – бауырды зақымдайтын қауіпті ауруға шалдығуды азайтуға бағытталған, балаларға ұсынылған қолдан иммунитет жасау шараларының бірі болып табылады. Сондай-ақ ересектерге де ұсынылады.

В гепатитіне қарсы екпе В гепатитінінің белсенсіз (өлі) вирусынан жасалады. Адам екпені алғаннан кейін иммундық жүйе вирусты тануға және күресуге үйренеді, ал зақымданған жағдайда ауру қаупін барынша азайтады.

Ешбір екпе 100 пайызға тиімді болмағандықтан, екпеден кейін де гепатит В вирусынын жұқтыру мүмкіндігі бар.

Екпе кімге жүргізілуі тиіс

В гепатитіне қарсы екпе балаларға үш кезеңді екпе егу арқылы жасалады.

  • Бірінші екпе сәбилік жаста,перзентханадан шыққанға дейін жасалады. Егер баланың анасы гепатит В вирусының тасымалдаушысы болса, нәрестеге туғаннан кейін дереу екпе егеді.
  • Екінші екпе 1-2 ай жастағы балаға жасалады.
  • Дәрігерлер соңғы егуді 6 айлық балаға егеді.
  • 4-8 апта жастағы екпе жасалмаған балалар, әдетте, екінші екпені 4 ай жасында, үшінші екпені 6-16 ай жасында алады.

Екінші және үшінші екпелер балаларға қажетті басқа да міндетті екпелермен бірге жасалады.

В гепатитіне қарсы екпе алмаған жасөспірімдерге дереу екпе егіледі.

Екпе егілмеген балалар немесе ересектер екпе алу керек егерде олар:

  • Денсаулық сақтау саласының қызметкерлері болса
  • Бұрын гепатит B вирусын жұқтырған тұрмыстық байланыстары немесе жыныстық серіктестері бар болса
  • Өз жынысының өкілдерімен жыныстық қарым-қатынастағы еркектер
  • Диализде болса
  • Бүйрек ауруларының соңғы сатысында болса, созылмалы бауыр аурулары немесе АИТВ-инфекциясы болса
  • Бірнеше жыныстық серіктестері болса
  • Наркотикалық заттарды тамырішілік жолмен қолданса
  • Мүше алмастыру, сүйек кемігін трансплантациялау немесе химиотерапия күтілсе
  • Ересектерге тек В гепатитіне қарсы екпені немесе тек Твинриксатты екпені

тағайындауға болады. Твинрикс А және В гепатитінен де қорғайды. Осы екпелердің әрқайсысы 3 егуден тағайындалады.

Қауіп-қатерлері мен жанама әсерлері

Екпе егілген балалардың көпшілігі жанама әсерлерден зардап шекпейді. Алайда, сирек жағдайларда екпе аймағында қызару, ауырсыну және шамалы дене қызуының көтерілуі түріндегі жанама әсерлер байқалады. Екпеден туындаған маңызды мәселелер сирек кездеседі және негізінен

екпе компоненттерінің біріне аллергиялық реакция болса пайда болады.

Қосымша нұсқаулықтар

Егер бала суық тиюден басқа ауыр дертпен ауырса, егуді кейінірек мерзімге ауыстыруға болады. Ауыр аллергиялық реакцияларды бастан өткерген балаларға екпе егілмейді. Екпеден кейін ауыр аллергиялық реакциясы болған балаға келесі екпе жасалмауы тиіс.

Мынандай жағдайларда дәрігерге қаралыңыз:

  • Балаңызға екпе егу керек пе екеніне сенімсіз болсаңыз
  • Екпеден кейін елеулі жанама әсерлері болды
  • Сізде екпе жөнінде қандай да бір күмән болса немесе басқа да сұрақтар болса.

Аударған: Дүйсенова Жаңылсын Бекқалиқызы

Бұл сайтта берілген ақпарат Сізді қызықтыратын мәселемен жалпы танысуға арналғандықтан ауруларды немесе денсаулыққа байланысты қандай да бір мәселелерді анықтау және емдеу үшін қорытынды негіздеме болмайды.
 
Ауруларды немесе денсаулыққа байланысты қандай да бір мәселелерді анықтау және емдеу үшін медициналық ЖОО аяқтағандығы жөнінде сәйкес дипломы бар дәрігерге көрініңіз. Шұғыл жағдайларда «Жедел жәрдем» қызметіне хабарласыңыз.