Вегато-тамырлық дистония
Вегато-тамырлық дистония дегенімі не ?
Себептері
Симптомдары
Емі
Вегато-тамырлық дистония-бұл өздігінен болатын ауру немесе синдром ретінде қарастырылуы мүмкін. Бірақ екі жағдайда да бірінші кезекте жүрек-қан тамыр жүйесі зақымдалады.
Вегато-тамырлық дистония кезінде ағзаның басқа жүйелерінде органикалық өзгерістер болмайды мысалы:эндокринді бездерде ,жүйке жүйесінде ,жүректе және т.б. Дегенмен ұстама уақыты кезінде жүрек-қан тамыр жүйесінің және вегатативті жүйке жүйесінің айқын зақымдалуы жүреді.
Вегато-тамырлық дистония ауруы дамуына келесі факторлар роль атқарады,оларды топпен бөлетін болсақ:жағымсыз ауа-райы,ағзамызда эндокринді бездердің қайта қалыптасу,висцеральды мүшелердің бірінші рет зақымдалуы, шеткері эндокринді бездердің бірінше рет ауруы,аллергия,үлен ми қыртысының нашарлауы және жүйкенің тозуы.
Себептері
Әдетте вегато-тамырлық дистония жүйке жүйесіне,миға-эмоцианальдық артық жүктеме түсіргеннен кейін ,ал кейде басынан өткерген инфекциядан кейін пайда болады.
Симптомдары
Ең негізгі шағымдары: тез шаршау,ұйқының бұзылуы,эмоционалдық тұрақсыздық,жүректің қағуы,жүрек аймағындағы шаншып ауру сезімі,кейде қан қысымының шамалы өсуі немесе төмендеуі,бастың айналуы,аяқ-қол қимылының шектелуі, тобық және білезік сүйек аймақтарының суықтануы сонымен қоса тыныс алған кезде ауаның жетіспеу сезімі ,«респираторлық синдром», ентігу және беткей тыныс алу болады.
Емі
Емі:ең алдымен аурудың себебін анықтап соны жою керек,науқасты тыныштық жағдайына келтіріп,жұмысымен демалысын кезектеп қалыптастыру, емдік жаттығулар жасау,қарсы көрсеткіштер болмаса бірқалыпты физикалық жүктеме тиімдірек болады( аутогенді жаттығу әдісі,өз-өзіне массаж жасау,психофизикалық жаттығу ), физиотерапиялар (қылқан жапырақты ванналар,душ және т.б. ) және таза ауада серуендеу. Қажет жағдайда дәрігер терапевт немесе невролог дәрілер тағайындайды мысалы:бромидтер, транквилизаторлар, седативті препарттар және т.б. көрсетілген.
Аударған: Мелис Айбек