Венерологиялық аурулар
Венерологиялық аурулар деп - жыныстық қатынас кезінде жұғатын жұқпалы ауруларды атайды.Сонымен қатар бұндай аурулар жүкті әйелден іштегі баласын жұғуы мүмкін.
Венерологиялық ауруды адам кез келген жыныстық қатынас кезінде жұқтыруы мүмкін.Жыныстық қатынаспен айналысатын адамды тұрақсыз ауыстыру мен мүшеқапты пайдаланбау аурудын даму мүмкіншілігін арттырады.
Венерологиялық ауруларды алдын алуға болады ол үшін тұрақсыз адамдар мен жыныстық қатынасқа түспеу және жыныстық қатынас кезінде мүшеқапты пайдалану керек.
Венерологиялық ауруларға мыналар жатады:
- Гонорея
- Хламидиоз
- Трихомоноз
- Сифилис (мерез)
- Сыртқы жыныс ағзаларының герпесі
- В гепатиті
- АИТВ (ВИЧ )
- Папилома вирусы
Сонымен қатар гепатит С, цитомегалия вирусы, қышыма және қасаға биті сияқты аурулар да жыныстық жолмен жұғады.
Венерологиялық аурулардың симптомдары әйел адамдарда және еркектерде әр түрлі болады.
Еркектердегі симптомдары:
- · Зәр шығару кезіндегі ауырсындың болуы
- · Сыртқы жыныс аймағында ауру сезімі,қышуы,күйген сезім болады.
- · Температураның жоғарлауы
- · Зәрдің лайлануы
- · Сыртқы жыныс мүшесінен бөліндінің шығуы
- · Қасаға аймағында бөртпе,сүйел,жаралардың пайда болуы.
- · Ұма аймағында ауырсыну
- · Қуық асты безінің қабынуы
- · Және басқа да белгілер болады.
Әйел адамдардағы симптомдары:
- · Бірнеше күннен бірнеше апта аралығында қынаптан исі жағымсыз,түссіз,қою бөліндінің бөлінуі.
- · Сыртқы жыныс аймағында ауру сезімі,қышуы,күйген сезім болады.
- · Қасаға аймағында ауырсыну
- · Жыныстық қатынас кезінде ауырсыну
- · Зәр шығару кезіндегі ауырсындың болуы
- · Температураның жоғарлауы
- · Қасаға аймағында бөртпе,сүйел,жаралардың пайда болуы.
- · Жыныстық қатынастан кейін қанды бөліністердің болуы
- · Және басқа да белгілер болады.
Осы симптомдар пайда болған кезде жыныстық қатынасты тоқтатып міндетті түрде дәрігерге қаралу керек.Венерологиялық аурулардың көбісі антибиотиктермен емделеді.
Аударған: Мелис Айбек