Вульваның қатерлі ісігі
Мазмұны
Жалпы ақпарат
Вульваның қатерлі ісігі – сирек кездеседі. Ол вульва (сарпай) аталатын әйелдердің сыртқы жыныстық ағзасында пайда болады. Қатерлі ісік, әдетте, баяу, бірнеше жыл ішінде өседі. Алдымен, қатерлі ісік алды жасушалары вульваның терісінде өседі. Бұл вульваның интраэпителийлік неоплазиясы немесе дисплазиясы аталады. Интраэпителийлік неоплазия әрдайым қатерлі ісікке айнала бермеді, бірақ, оны ерте сатысында емдеу қажет.
Симптомдары
Аурудың ерте сатысында вульваның қатерлі ісігінің симптомдары болмайды. Дегенмен, келесі симптомдарды байқасаңыз, дәрігерге көрініңіз:
- Вульвадағы шағын түйін
- Вульваның қышуы
- Етеккірге байланысссыз қан кетуі
- Вульваның терісінің өзгеруі, түсінің өзгеруі, сүйел немесе ойық жара секілді көрінетін түзілістер
Диагностика
Адам папиломасы вирусы (ВПЧ) болса немесе үшкір кондиломамен бұрын ауырсаңыз, ауруға ұшырау қаупі жоғары. Дәрігер вульваның қатерлі ісігін медициналық тексеру және биопсия арқылы анықтайды.
Емдеу
Емдеу денсаулықтың жалпы жағдайына және қатерлі ісіктің сатысына байланысты әр түрлі болады. Оған хирургиялық емдеу, сәулелік емдеу, химиялық емдеу және биологиялық емдеу кіреді. Биологиялық емдеу организмнің қатерлі ісігімен өздігінше күресудегі қабілетін арттырады.