.

Жақыннан көргіштік (миопия) | zdrav.kz
X

Электрондық поштаңызға соңғы жаңалықтарды алыңыз

X

Получайте самые последние новости на свой e-mail

Жақыннан көргіштік (миопия)

Мазмұны

Миопия дегеніміз не ?

Жоғарғы дәрежедегі миопия дегеніміз не ?

Рефракция дегеніміз не ?

Рефракциялық қателіктер дегеніміз не ?

Миопия қалай дамиды ?

Қандай адамдар миопиямен ауруға бейім ?

Миопияның симптомдары қандай ?

Миопия қалай диагностикаланады ?

Миопияның емі қандай ?

 

Миопия дегеніміз не ?

Миопия дегеніміз- науқас көзімен жақындағы заттарды анық көріп,алыста орналасқан денелерді бұлынғыр көруімен сипатталатын рефракцияның бұзылысы.

Жоғарғы дәрежедегі миопия дегеніміз не ?

Жоғарғы дәрежедегі миопия -аурудың ауыр түрі болып табылады. Миопияның ауыр түрі кезінде көз алмасы созылып, өте қатты ұзарып кетеді.Бұл көз торының тесілуіне, жыртылуына және қыртыстануына алып келеді және осының нәтижесінде көз торының астында жаңа қан тамырлар пайда болып көруді нашарлатады.Жоғарғы дәрежелі миопиямен ауыратын науқастар әрқашан медициналық тексеруден өтіп жүру керек. Ерте анықталып, дұрыс емделген миопия көруді төмендетпейді.

 

Рефракция дегеніміз не ?

Рефракция дегеніміз – сәуленің бір денеден екінші денеге өту кезіндегі сыну процесі.Қандай да бір сәуле қасаң қабықтан және көзбұршақтан өту кезінде рефракцияға ұшырап көз торында нақтыланады.Ары қарай көру жүйкесі арқылы бас миына барып адамда көру процесі жүреді.

 

Рефракциялық қателіктер дегеніміз не ?

Көз алмасының ұзаруы немесе қысқаруынан,қасаң қабықтың өзгерісінен және көз бұршақтың қызметінің төмендеуінен – рефракцияның қателіктері дамиды.

 

Миопия қалай дамиды?

Қандай да бір бейненің торлы қабықта емес оның алдында фокусировкаға ұшырауынан миопия дамиды.Бұл процес көз алмасы қатты ұзарып кеткенде жүреді,себебі ұзарып кеткен көз алмасы сәуленің торлы қабыққа өтуіне кедергі болады.Сонымен қатар миопия көз бұршақтың және қасаң қабықтың пішіндері өзгергенде дамиды.

 

Қандай адамдар миопиямен ауруға бейім ?

Миопия-кез келген жаста дамуы мүмкін.Қазіргі кезде миопиямен 25% адам ауырады. Миопия көбінесе 8-12 жаста анық көрінуі немесе 20-40 жаста жайлап көрінуі мүмкін. Анамнезінде миопиямен ауыратын туысқандары болса онда баланың сол ауруға бейімділігі болады.

 

Миопияның симптомдары қандай ?

  • Бастың ауруы

  • Шамадан тыс көздің ауруы

  • Көздің сығыраюы

  • Алыстан көру қабілетінің төмендеуі

Миопия қалай диагностикаланады ?

Көзді толық тексеру кезінде окулист дәрігер миопия диагнозын немесе рефракцияның басқа да бұзылыстырын анықтай алады.Ауруы бар науқастар алғашында көрудің нашарлауы мен бұлыңғырлануына шағымданып келеді.

Миопияның емі қандай ?

Миопиясы бар науқастарға арнайы көзілдірік,жанаспалы линзалар немесе хирургиялық ем қолданылады.

Миопиясы бар науқастарға ең тиімді көмектің бірі дұрыс көзілдірік тандау.Соның арқасында науқастың көруі жақсарады.

Жанаспалы линзаларнауқастың анық көруіне ең тиімдісі болып табылады.Егер дұрыс орналасса ол көзге өте ыңғайлы тұрады.Алайда жанаспалы линзалар барлығына келе бермейді сондықтан алдымен дәрігермен келісіп сосын барып тағу керек.

Рефракционды хирургия - қасаң қабықтың пішінін өзгертуге арналған хирургиялық ем болып табылады.Осы емнің арқасында науқас көзідірікке және жанаспалы линзаларға тәуелділігін жоғалтады.Рефракционды хирургияның көптеген түрі бар,оны қайсысын науқасқа жасау керектігін дәрігермен ақылдасу арқылы анықтайды.

 

Ақпарат дереккөзі:https://www.nei.nih.gov/health/errors/myopia

 

Аударған: Мелис Айбек

Бұл сайтта берілген ақпарат Сізді қызықтыратын мәселемен жалпы танысуға арналғандықтан ауруларды немесе денсаулыққа байланысты қандай да бір мәселелерді анықтау және емдеу үшін қорытынды негіздеме болмайды.
 
Ауруларды немесе денсаулыққа байланысты қандай да бір мәселелерді анықтау және емдеу үшін медициналық ЖОО аяқтағандығы жөнінде сәйкес дипломы бар дәрігерге көрініңіз. Шұғыл жағдайларда «Жедел жәрдем» қызметіне хабарласыңыз.