.

Жамбас мүшелерінің қабынуы | zdrav.kz
X

Электрондық поштаңызға соңғы жаңалықтарды алыңыз

X

Получайте самые последние новости на свой e-mail

Жамбас мүшелерінің қабынуы

Бұл не? Жамбас мүшелерінің қабынуы (ЖМҚ) – бұл термин,жатырдың[2732], фаллопий түтігінің[2757], аналық бездердің [2756] қабынуын (әйелдің жамбас ағзалары) сипаттау үшін пайдаланылады. ЖМҚ әдетте бактериялық инфекциялармен шақырылады, мысалы, гонорея [3634] немесе хламидиоз [3635]. Әдетте, жатырішілік спиральды қолданатын әйелдер ЖМҚ-ның жоғары қаупіне ие деп есептеледі, себебі спираль бактерияларға [19] жатырдың ішіне, түтікке және аналық бездерге енуіне мүмкіндік береді. ЖМҚ, белсенді жыныстық өмірдегі және 25 жастан асқан әйелдерде жиі кездеседі.

ЖМҚ еш симптомсызпайда болуы мүмкін. Алайда, олар орын алса, олар мыналарды қамтуы мүмкін:

  • Бел аймағындағы ауру сезімі: әдетте, бір немесе екі аяққа да берілуі мүмкін.
  • Жүрек айнуы, температураның жоғарылауы.
  • Дененің әлсіздігі немесе ыңғайсыздық сезімі.
  • Жыныстық қатынас кезіндегі ауру сезімі.
  • Мезгілсіз менструалды қан кетулер [2337].

Қандай асқынулары бар?Жамбас инфекциясы, науқастарда ауру сезімі мен бедеуліктің [3636] жалпы себебі болып табылады. Сондай-ақ, ЖМҚ, әйелдерде жатырдан тыс жүктілікті [3637] - ұрық жұмыртқасы жатырдан тыс жерде - фаллопий түтікке енуі, іштегі мүшелерге әсер етеді. Жатырдан тыс жүктілік, сау әйелдерге қарағанда, ЖМҚ-мен зардап шегетін науқас әйелдерде ауырып қалу қаупі 7-10 есе жоғары. Бұрын-сонды жамбас мүшелерінің қабынуы болған әйелдердің қайталану ықтималдығы жоғарырақ.

Емдеу қабынуға және бактерияға қарсы дәрілерді қамтиды. Клиникалық ауру симптомдары бар әйелдерге, дәрігерге қаранудан бұрын жыныстық қатынастан аулақ болу ұсынылады. Бұл ықтимал инфекцияны жыныстық серіктеске тарату қаупін азайтады.

 
Аударған: Амантай Назерке
Бұл сайтта берілген ақпарат Сізді қызықтыратын мәселемен жалпы танысуға арналғандықтан ауруларды немесе денсаулыққа байланысты қандай да бір мәселелерді анықтау және емдеу үшін қорытынды негіздеме болмайды.
 
Ауруларды немесе денсаулыққа байланысты қандай да бір мәселелерді анықтау және емдеу үшін медициналық ЖОО аяқтағандығы жөнінде сәйкес дипломы бар дәрігерге көрініңіз. Шұғыл жағдайларда «Жедел жәрдем» қызметіне хабарласыңыз.