Жарақат алған жерден немесе одан төмен жерде терінің бозаруы немесе көгеруі
Жарақат алған жерден немесе одан төмен жерде терінің бозаруы немесе көгеруі– қантамыр қысылған да немесе тікелей жарақат алған кезде пайда болады. Тікелей жарақат – оқтық жарақат немесе үшкір заттардан алған жарақат, буынның шығуы және созылуы, күйіктер, сынықтар, езіліп-шаншылу, жыланның шағуы, медициналық процедура, оперпциялар болып табылады.
Жарақаттан кейін ортепедиялық аппараттарды, гипсті, таңғыш салғанда қол немесе аяқта бозару, көгерулер, салқындау байқалады. Себебі - ортепедиялық аппараттар, гипс, таңғыш заттар қатты қысып тұруынан, қол немесе аяқта қанайналым азаюынан немесе тоқтауынан пайда болады. Егер қатты қысып тұрса жасау керек:
- Қол немесе аяқты жүрек деңгейінен жоғары көтеру.
- Егер мүмкіншілік болса, қысып тұрған затты босату, бірақ шешпеу керек.
Тез арада дәрігерге бару. Асқынудың алдын алу үшін қанайналымды тез арада дұрыстау.
Аударған: Бердібек Ағабек