Жайылмалы склероз
Жайылмалы склероз (ЖС) – бұл бас миын, жұлынды және көру нервтеріне ерекше әсер ететін, орталық жүйке жүйесінің созылмалы неврологиялық ауруы. Жайылмалы склероз бұлшық еттердің қозғалысы мен күшінің, көрудің, тепе-теңдіктің, сезімталдықтың және ақыл-ойдың қиыншылықтарын тудырады.
Орталық жүйке жүйесінің жүйке талшықтарын қаптап, қорғап тұратын затты миелин деп атайды. Миелин, демиелинизацияға ұшыраса, яғни бұзылып немесе қабынса, жүйке импульстарының өтуі бұзылады. Жүйке жүйесінің кез келген жері қабынуға ұшырағанда немесе демиелинизация байқалған жағдайларда, жайылмалы склероз анықталады.
Жайылмалы склероздың себептері әлі анықталмаған. Ауру емге көнбейді, бірақ дәрі-дәрмектер ауру ұстамаларының жиілігі мен қиыншылықтарын басуға көмектеседі. Көптеген адамдар осы аурумен бірнеше жылдар бойы дамиды, сондықтан да олар аурудың қиыншылықтарымен тек қана соңғы жылдарда ғана зардап шегеді.
Аударған: Шардарбек Райымбек