.

Жедел ауыр респираторлы синдром (Атипті пневмония) | zdrav.kz
X

Электрондық поштаңызға соңғы жаңалықтарды алыңыз

X

Получайте самые последние новости на свой e-mail

Жедел ауыр респираторлы синдром (Атипті пневмония)

Жедел ауыр респираторлы синдром немесе Атипті пневмония – вирусты респираторлы аурулар. Ең бірінші Жедел ауыр респиратолы синдром Азияда 2003 жылы анықталды. Эпидемия тоқтатылғанның өзінде бұл вирус бірнеше айдың ішінде бүкіл әлемге таралып кетті.

Жедел ауыр респиратолы синдромы адамның өміріне қауіпті болып табылады. Атипиялық пневмонияның симптомдарына жатады:

  • Жоғарғы температура.
  • Бастың ауруы.
  • Дененің ауырсынуы.
  • Құрғақ жөтел.
  • Пневмония – соңғы сатысында.

Атипті пневмония көп жағдайда науқастан сау адамға жанасу кезінде жұғады. Жедел ауыр респиратолы синдром ауалы-тамшылы жолмен таралады. Вируспен инфицирленген адам түшкіргенде немесе жөтелгенде, вирус сілекей тамшылары және қақырық арқылы ауа таралып, өз кезегінде келесі бір адамның көзіне, мұрнына, ауыз қуысына вирус түсіп, аурудың пайда болуы мүмкіндігі жоғары. Жұғу қауіпі жоғары: науқаспен сүйіскенде, жанасқанда, күнделікті тамақтанатын ыдыстарды, азық-түлікті бірге пайдаланғанда, сөйлесу кезінде жұғады.

Егер сіз атипті пневмонияның эпидемиясы басталған мемлекетте жүретін болсаңыз, гигиенаны сақтау, қолды сабынмен жуу арқылы вирустың жұғуының алдын алуға болады. Дәр қазіргі уақытта атипті пневмонияға қарсы дәрі-дәрмек жоқ. Ғалымдар ауруға қарсы вакцина мен емдеу жолдарын іздеп, сынақ жүргізуде.

 

Аударған: Бердібек Ағабек

Бұл сайтта берілген ақпарат Сізді қызықтыратын мәселемен жалпы танысуға арналғандықтан ауруларды немесе денсаулыққа байланысты қандай да бір мәселелерді анықтау және емдеу үшін қорытынды негіздеме болмайды.
 
Ауруларды немесе денсаулыққа байланысты қандай да бір мәселелерді анықтау және емдеу үшін медициналық ЖОО аяқтағандығы жөнінде сәйкес дипломы бар дәрігерге көрініңіз. Шұғыл жағдайларда «Жедел жәрдем» қызметіне хабарласыңыз.