Жүрек тоқтауы
Жүректің жүрек соғысының ырғағын басқаратын электр жүйесі бар. Жүрек ырғағының бұзылу салдарынан жүрек ауытқулары туындауы мүмкін, бұл аритмия деп аталады.
Аритмияның бірнеше түрі бар. Аритмия кезінде жүрек өте жиі немесе өте баяу соғады, немесе жүрек соғысы мүлдем тоқтайды. Науқаста жүректің тоқтауына әкелетін аритмия жағдайлары болған кезде кенеттен жүрек тоқтауы болады. Жүректің тоқтауы мен жүрек ұстамасы бір-бірінен ерекшеленеді, себебі ұстама кезінде қан ағымы тежеледі, ал жүрек соғысы тоқтамайды.
Кенеттен жүрек тоқтауының көптеген себептері бар. Себептеріне жүрек-қантамыр аурулары, физикалық стресстер, сондай-ақ туа біткен аурулардың кейбір түрлері жатады. Кейде дәрігерлер жүрек тоқтауының себептерін анықтай алмайды.
Медициналық көмек көрсетілмесе, адам бірнеше минут ішінде өліп кетуі мүмкін. Егер науқасқа дефибрилляциясы жасалған болса, өліммен аяқталатын жағдайлар төмендейді. Дефибрилляция - электрлік белсенділікті қалпына келтіру үшін жүрек бұлшықетіне электрлік импульспен әсер ету әдісі. Дефибрилляцияға дейін, жүрегі тоқтап қалған адамға жүрек-өкпе реанимациясын жасау керек, содан кейін ғана дефибрилляторды қолдану керек.
Егер сізде кенеттен жүрек тоқтауы бұрын болса, имплантацияланған дефибриллятор жүрек тоқтауы қайталанғанда өлімге әкелетін жағдайды азайтады.
Аударған: Дүйсенова Жаңылсын Бекқалиқызы