.

Жұтынудың бұзылысы | zdrav.kz
X

Электрондық поштаңызға соңғы жаңалықтарды алыңыз

X

Получайте самые последние новости на свой e-mail

Жұтынудың бұзылысы

Жұтынудың бұзылысы көп адамдарда уақыт өте келе пайда болады. Жұтынудың бұзылысы тамақты қабылдап жатқанда сөйлеу, тез тамақтанғанда және дұрыс шайнамай үлкен бөліктермен жұтқанда пайда болады. Егер сіз ашуланып немесе қобалжып тұрсаңыз, сізде жұтқыншағыңыздың толып тұрған және қалыпты жұтына алмау сезімі болады.

Жұтынудың қиындауы (дисфагия) - бұл тамақ әдетте ауыздан өңеш арқылы асқазанға өтпейді. Дисфагия ауыз қуысындағы, тіл немесе тістер ақаулары қалыпты шайнау және жұтылу процесіне кедергі келтіргенде пайда болуы мүмкін. Мнандай сиптомдар пайда болуы мүмкін:сілекей ағуы, тамақты түкірү немесе ауыз қуысының тым қатты құрғап кетүі. Тамақтың жұтқыншақта тұрып қалған сезімі немесе әрі қарай тамақты итеру үшін бірнеше рет жұтыну керек. Сол үшін жөтел немесе тұншығу пайда болады.

Сонымен қатар жұтынудың бұзылысы өңештің тарылуынан немесе бітелуінен болуы мүмкін. Өңеш арқылы тағаммен сұйықтықтарды өткізетін бұлшық еттердің дұрыс жұмыс істемеуінен болады.

Жұтынудың бұзылысы, салмақтың жоғалуымен, өңештің қатерлі ісігі тәрізді қауіпті аурудың белгісі болуы мүмкін. Егер сізде кекіру және жұтынудың бұзылысы, үй жағдайында емделгенде кетпесе , дәрігерге қаралыңыз.

 

Аударған: Айтмұқаев Ернұр

Бұл сайтта берілген ақпарат Сізді қызықтыратын мәселемен жалпы танысуға арналғандықтан ауруларды немесе денсаулыққа байланысты қандай да бір мәселелерді анықтау және емдеу үшін қорытынды негіздеме болмайды.
 
Ауруларды немесе денсаулыққа байланысты қандай да бір мәселелерді анықтау және емдеу үшін медициналық ЖОО аяқтағандығы жөнінде сәйкес дипломы бар дәрігерге көрініңіз. Шұғыл жағдайларда «Жедел жәрдем» қызметіне хабарласыңыз.