Жүйкелік анорексия
Жүйкелік анорексия дегеніміз - дене салмағының төмендегеніне қарамастан, артық салмақ жинап қалудан қорқып тағам қолдануды қатты шектейтін психологиялық жағдай. Анорексияның эмоциональдық көріністері жүйке бұзылыстарынан басталып шизофрения симптомдарына дейін жетеді.Ұзаққа созылған анорексия денсаулыққа ауыр зиянын келтіріп өлімге алып келуі мүмкін.
Симптомдары:
· Қалыпты дене салмағының 85%төмендеуі
· Етеккір циклінің бұзылуы
· Ас-қорыту жүйесінің бұзылысы-өздігінен немесе науқастың өзі арқылы болатын-жиі құсу
· Науқастар физикалық жүктемені жақсы көтереді,аштықты сезбейді.
Себебі-әлі анықталмаған.Дегенмен аурудың пайда болуына адамның жеке қасиеттері (мысалы перфекционизм) және отбасылық анамнез әсер етеді.Анорексия көбінесе спортсмендерде немесе қалыпты дене салмағын талап ететін мамандықтарда (модельдер, балет билейтіндер, театрда ойнайтындар,күреске қатысатындар) кездеседі.Анорексия көбінесе қыздарда,жас әйелдерде болады, сонымен қатар жас балаларда да кездеседі.
Емі. Анорексия ауруы өмір бойына созылуы мүмкін немесе дұрыс емделген жағдайда жазылады.Ем жүргізу оңай емес сондықтан психиатр дәрігермен бірге жүргізіледі.
Аударған: Мелис Айбек