.

Жыныс мүшелері терісінің тітіркенуі | zdrav.kz
X

Электрондық поштаңызға соңғы жаңалықтарды алыңыз

X

Получайте самые последние новости на свой e-mail

Жыныс мүшелері терісінің тітіркенуі

Жыныс мүшелері терісінің тітіркенуін хош иістендірілген сабын және ұнтақтар, кір жуушы ұнтақтар, нашар гигиена немесе қатты немесе бояғыш матадан жасалған іш киімдер сонымен қатар, әйелдерге арналған төсемелер шақыруы мүмкін. Мектепке дейінгі жастағы қыздарда жыныс мүшелерінің терісінің тітіркенуі, әдетте, жеткіліксіз гигиенадан туындады.
Қынап немесе уретраның маңайындағы терінің тітіркенуі зәр шығарған кезде күйдіріп ауру сезімін шақырады. Ерлер мен балаларға қарағанда жыныс мүшелері терісінің тітіркеніп ауру сезімі әйелдер мен қыздарда көп кездеседі. 

Зәр шығару кезінде ауырсыну болған барлық қыздардың жартысы зәр шығару жолдарының инфекциясынан гөрі жыныс мүшелері терісінің тітіркенуіне ие болады. Зәр шығару кезіндегі ауырсыну, жиі зәр шығаруға шақыруымен қатар , сүндеттелмеген ұл балалардағы шеткі терісі қабынуын тудыруы мүмкін.

Жыныс мүшелері терісінің тітіркенуінің алдын алу үшін:
  • Күніне бір рет жыныс мүшелері аймағын таза сумен жіне жұмсақ сабынмен жуыңыз. Мұқият шайып кептіріңіз. Теріні тітіркендіретін хош иістендірілген сабын және ұнтақтарды пайдаланбаңыз. Терінің тітіркенуін тудыратын және құрғауына әкелетін ваннаға аргалған көбіктерді пайдаланудан қашыңыз.
  • Мақтадан жасалған іш киім, мақтадан жасалған төсеуі бар шұлықтар және кең киім киіңіз. Бұл қынап аймағындағы ауа айналымын жақсартуы мүмкін.
  • Нәрестенің жаялығын ылғалданған кезде, ішектері босаған кезде тез арада ауыстырыңыз. Қолыңызды жаялықты ауыстырғанға дейін және кейін жуыңыз.
Бұрын зәр шығару жолдарының  ауруы болған  әйелдерге диафрагманы немесе спермицидті кремді, көбік пен гельді қолдануға болмайды.
Жыныстық мүше терісінің тітіркенуінің басқа себептері сексуалды байланыс, велосипедпен жүру, вагинальды немесе тік ішек аймағында жарақат алу немесе инфекция болуы (мысалы, герпес, вагинит немесе адам саңырауқұлақ вирусы (HAV)) жатады.
 
Аударған: Тилеубергенова Гулжазира Таңатарқызы
Бұл сайтта берілген ақпарат Сізді қызықтыратын мәселемен жалпы танысуға арналғандықтан ауруларды немесе денсаулыққа байланысты қандай да бір мәселелерді анықтау және емдеу үшін қорытынды негіздеме болмайды.
 
Ауруларды немесе денсаулыққа байланысты қандай да бір мәселелерді анықтау және емдеу үшін медициналық ЖОО аяқтағандығы жөнінде сәйкес дипломы бар дәрігерге көрініңіз. Шұғыл жағдайларда «Жедел жәрдем» қызметіне хабарласыңыз.