.

Жынысты қынталандыру: тартымдылықтың нақты себептері | zdrav.kz
X

Электрондық поштаңызға соңғы жаңалықтарды алыңыз

X

Получайте самые последние новости на свой e-mail

Жынысты қынталандыру: тартымдылықтың нақты себептері

Ғалымдар 200-ден астам түрлі жыныстық ынталандыруларды анықтады. Олардың бірнеше түрлері болады . Арасындағы ең қарапайымы ("Менің көңіл күйім болған жоқ"), рухани жағынан ("Менің Құдайға жақын" болғым келді), альтруисттер арасында ("Менің ер адамым мен туралы жақсы ойлы болсын") және тіпті кектену ойларымен ("Мені алдаған үшін мен оны жазалаймын") деген ынталандырулар болады екен.

Кейбір әйелдер өзің күшті екенін дәлелдеу үшін, басқаларысерігін кеміту мақсатыменсекспен айналысады. Әйелдердің бір бөлігі өз достарын таңғалдырғысы, ал басқалары өздерінің жауларына зиян келтіргісі келеді. Кейбір әйелдер, осылайша романтикалық сезімді білдіреді ("Менің басқа адаммен оңаша қалғым келді"); басқалары осылай өз жек көрушілігінбілдіреді. Алайда, осы себептер "неге мен секспен айналысқым келеді" деген сұраққа нақты жауап бермейді.

Ер адамның әйелге тартымдылығының бірнеше себептері болады:

 

Ер азаматының бойы мен сыртқы бейнесі

Әйелдер үшін ер адамның қандай дене құрылысы сексуальды болып есептеледі?

Әйелдерге ер азаматының бойы өте маңызды. Көптеген зерттеулершілердің айтуынша, әйелдер бойы ұзын ер адамдарды тартымды деп есептейді. Әйелдер жұбайы ретінде бойы орташадан жоғары ер азаматты елестейді. Тіпті сперма донорын таңдаған кезде әйелдер донордың бойына назар аударады!

Британдық зерттеушілердің айтуынша, бойы ұзын азаматтардың, олардан бойы біршама төмен құрдастарымен салыстырғанда, оларға ғашық болған әйел адамдарының саны әлдеқайда аз. Бірнеше зерттеулердің нәтижесі бойынша, бойы ұзын адамдардың, бойы аласа адамдармен салыстырғанда біріншілердің бала табуға қабілеті зор. Серіктес таңдау кезінде әйелдер басымдықты бойы ұзын жігіттерге береді.

Көптеген деректерде, бойы ұзын адамдар, әдетте, жоғары мәртебеге ие болатыны айтылған. Аңшылар-жинағыштар қоғамында "үлкен адамдар" деп жоғары мәртебеге ие болған ер азаматтар саналған. Бұл адамдардың күші көп болғандықтан, оларға құрмет көрсетілген. Батыс мәдениетінде бойы ұзын адамдар, әдетте, жоғары әлеуметтік-экономикалық мәртебеге қабілетті болған.

Эволюциялық биология жағынан, адамның бойы оның басқаларды қорғауға қабілеті бар екенін дәлелдейді. Әйелдер бойы ұзын адамның жанында өзің қауіпсіздікте екенің сезеді.

Көптеген әйелдер қасындағы серігі ретінде күшті, шымыр денебітімді ер азаматты қалайды. Әйелдердің көпшілігі V-тәрізді торсты тартымды деп санайды. Олардың жанындағы ер азамат кең иық пен енсіз жамбасқа ие болу керек.

Иық ені пен жамбас еніне қатынасы жоғары болған ер азаматтар, жыныстық қатынаста өмір сүруді он алты жастан жиі бастайды. Құрдастарымен салыстырғанда, олардың жыныстық серіктестер саны, әдетте, көп болады.

 

Аударған: Тілеубек Нұридін

 

Бұл сайтта берілген ақпарат Сізді қызықтыратын мәселемен жалпы танысуға арналғандықтан ауруларды немесе денсаулыққа байланысты қандай да бір мәселелерді анықтау және емдеу үшін қорытынды негіздеме болмайды.
 
Ауруларды немесе денсаулыққа байланысты қандай да бір мәселелерді анықтау және емдеу үшін медициналық ЖОО аяқтағандығы жөнінде сәйкес дипломы бар дәрігерге көрініңіз. Шұғыл жағдайларда «Жедел жәрдем» қызметіне хабарласыңыз.