Зоонозды инфекция
Мазмұны
Жалпы ақпарат
Профилактика амалдары
Жалпы ақпарат
Жануарлардан жұғатын ауруларды - зоонозды инфекциялар деп атайды. Жануарлардан немесе жануарлардан алатын өнімдерден адамдарға жұққан көптеген аурулар өте қауіпті болып келеді. Сіз тікелей жануардан немесе жанама, яғни қоршаған орта арқылы жұқтырып алуыңыз мүмкін.
Ауыл шаруашылық жануарлар да аурулардың көзі болу мүмкін. Егер сіз оларды немесе олар ұстаған нәрсені, мысалы қоршауды, шелекті ұстасаңыз, онда міндетті түрде жақсылап қолыңызды жуыңыз. Ересек адамдар өздерінің балалары ферма немесе хайауанатқа барған соң қолдарының жууын бақылаңыз.
Жануарлар қаншалықты сүйкімді болғанымен де, олар микробтар, вирустар және паразиттердің көзі болып табылады. Бұғы және тышқандар кенені тасымалдайды, ал олар Лайм ауруын шақырады. Кейбір жабайы жануарлар құтыру ауруын тасымалдаушылар болып табылады. Жабайы табиғатпен қашықтықтан рахаттаныңыз.
Профилактика амалдары
Үй жануарлары да сізді жұқтыру мүмкін. Өте үлкен қауіпті рептилиялар төндіреді. Тасбақалар, жыланда және игуаналар өздерінің қожайындарын сальмонелла бактериясымен жұқтыру мүмкін. Сіз инфицирленген иттен құтыруды, ал мысық дәретханасын тазалағанда токсоплазмозды жұқтырып алуыңыз мүмкін. Сіздің итіңіз немесе мысығыңыз сізді жұқтырады деген қауіп, өте төмен. Егер сіз гигена ережелерін сақтап жүрсеңіз, онда инфицирлену қаупі төмендейді.
Бруцеллез гриппке ұқсас симптомдармен басталатын ауру. Оның асқынулары: артрит, жүрек аурулары және ми зақымдалуы.
Аударған: Қартанбаев Бақберген Батырбекұлы