.

Дене массасының индексі немесе бой-салмақ индексі | zdrav.kz
X

Электрондық поштаңызға соңғы жаңалықтарды алыңыз

X

Получайте самые последние новости на свой e-mail

Дене массасының индексі немесе бой-салмақ индексі

Дене массасының индексі немесе бой-салмақ индексі – бұл адамның бойы мен салмағының қатынасын анықтайтын көрсеткіш. Ол арқылы салмақтың денсаулыққа ықпалын бағалауға болады. Индекстің жоғарлағаны артериалды гипертензияның, инсульттің, остеоартриттың, қант диабетінің дамуына жол беруі мүмкін.

Калориялар мен физикалық жаттығулардағы қажеттілікті бағалау үшін ағзадағы май деңгейін үнемі қадағалау керек. Бұл үшін екі әдісті пайдалануға болады:

  • бой-салмақ индексі (ересектер мен балаларға);
  • бел шеңберінің өлшемі (ересектерге арналған)

Бой-салмақ (БСИ) индексімына формула бойынша анықталады.

 

I=
 

мұндағы:

I— Бой-салмақ (БСИ) индексі;

m — дене массасы килограммда;

h — бой ұзындығы метрде.

 

Мысалы, сіздің салмағыңыз = 95 кг, ал бойыңыз = 178. Осы көрсеткіштерді формулаға еңгізгенде:

БСИ = 95 : (1,78 × 1,78) = 29,98

Бұл формуланы 1869 жылы бельгиялық социолог және статистик Адольф Кетле ойлап таптқан. Сондықтан бой-салмақ (БСИ) индексін анықтау формуласы Кетле индексі деп аталады.

 

Ересектердің бой-салмақ көрсеткіштері

Сіз өзіңіздің бой-салмақ (БСИ) индексін өлшеп, нәтижесін бой-салмақ индексінің ересектерге арналған кестеде қарасаңыз болады, әлде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы дене массасының индексінің мынандай түсініктемесімен пайдаланға болады:
 

Дене массасының индексі

Мағынасы

16 және одан төмен

Массаның аса дефициті

16 - 18.5

Масса дефициті

18.5 - 25

Қалыпқа сай

25 - 30

Қалыптан артық

30 - 35

Бірінші дәрежелі семіздік

35 - 40

Екінші дәрежелі семіздік

40 және одан жоғары

Үшінші дәрежелі семіздік

 

Балалар мен жасөспірімдердің бой-салмақ көрсеткішіштері

Балалардың бой-салмақ индексі жыныстық - жас сипаттамаларымен тығыс байланысты.

 

2 жастан 20 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдердің бой-салмақ индексінің қисығы

Балалар мен жасөспірімдердің бой-салмақ индексі келесі формуламен есептеледі:

 

I= x10000

 

мұндағы:

I— Бой-салмақ (БСИ) индексі;

m — дене массасы килограммда;

h — бой ұзындығы сантиметрде.

Бой-салмақ индексін анықтау ағзадағы майлардың деңгейі қаншалықты қалыптыдан жоғары екенін көздеуге мүмкіндік береді. Бірақта бой-салмақ индексінің кемшіліктері де бар. Бой-салмақ индексі арқылы адам салмағының артықтығы туралы пікір айту дұрыс емес. Мысалға, спортшылардың бой-салмақ индексінің жоғары болуы бұлшық ет массасының жоғарылығымен түсіндіріледі.

Зерттеушілер 25-27 аралығындағы шамаға тең бой-салмақ индексі бар адамдардың ғұмыры басқаларға қарағанда әлдеқайда ұзын екенің дәлелдеді. Сондықтан бой мен салмақтың қатынасын керекті деңгейге жеткізу саламатты өмірдің кепілі болып саналады.

 

Аударған: Тілеубек Нұридін