.

Алып жасушалы артериит | zdrav.kz
X

Электрондық поштаңызға соңғы жаңалықтарды алыңыз

X

Получайте самые последние новости на свой e-mail

Алып жасушалы артериит

Мазмұны

Жалпы ақпарат

Себептері

Симптомдары

Диагностика

Емдеу

Аурудың болжамы

Мүмкін асқынулары

Қашан дәрігерге көріну қажет

Алдын алу

 

Жалпы ақпарат

Алып жасушалы артериит (АЖА) – бұл егде жастағы адамдарда орташа және ірі артериялардың жүйелі қабыну ауруы, бас ауыруымен және тұмаудағыдай симптомдармен қосарланады. Сондай-ақ, ол самайлық немесе краниалдық артериит (Хортон ауруы) ретінде де белгілі. 

Алып жасушалы артериит беткері самайлық артерияның ісінуін және қалыңдауын туындатуы мүмкін. Беткері  самайлық артерия – бұл сыртқы ұйқы артериясының жұқа соңғы сағасы.

 

Ауру тек 50 жастан асқан ересектерде пайда болады, негізінен, егде жастағы адамдарды зақымдайды, көбінесе, ерлерге қарағанда әйелдер жиі шалдығады.

АЖА кезінде бассүйектің артериялары, көбінесе, самай артериялары, сондай-ақ, көздің артериялары зақымданады, демек АЖА көздің көрмеуіне апаруы мүмкін. Көруді жоғалтуды уақытылы анықтаумен және емдеумен  алдын алуға болады. 

Себептері

Қазіргі кезеңде аурудың себептері анықталмаған.

Симптомдары

  • Қайталанатын күшті бас ауыруы

  • Дене температурасының артуы (38- 39 С)
  • Бет аумағындағы жіті ауырсыну, сөйлеу кезінде немесе тамақ ішкенде пайда болатын тілдегі және шайнау бұлшық етінің ауырсынуы
  • Бұлшық еттегі ревматикалық ауырсыну (ревматикалық полимиалгия)
  • әлсіздік, енжарлық, дене салмағын жоғалту
  • ұйқының бұзылуы, депрессия
  • қабынған артериядағы қанның соғуының болмауы
  • зақымданған артерияның үстіндегі терінің қызаруы
  • ауыр жағдайда артерияның зақымданған бөліктерінің үстіндегі терінің гангренаның дамуы (осы бөліктің терісінің тіршілігін жоюы)
  • көрудің бұзылыстары.

Диагностика

Аурудың бастапқы кезінде диагнозды қою қиын, себебі, бұл ауру туралы мәліметтер аз.

Бастың артерияларының беткері артериялары ұзындығы бойына біркелкі емес түрде тығыздалады, иректеліп, дөңестенеді, үстінен басқанда жалпақ түрге ауыспайды.

Егде жастағы науқастың жалпы қан талдауында:

  • эритроциттердің шөгу жылдамдығының күрт артуы (СОЭ > 50 мм/ч)
  • гипохромдық анемия.

Диагнозды нақтылау үшін өткізу қажет:

  • контрастылық заттекті енгізумен самай артериясының рентгенологиялық зерттеуі (самай артериясының ангиографиясы)

  • зақымданған самайлық және/немесе басқа артерияның биопсиясы (анықтау мақсатында организмнен тіршілік етуінде жасушаларды немесе тіндерді (биоптат) алу әдісі), әрі қарай тіннің үлгісіне микроскопиялық зерттеу жүргізіледі

  • офтальмоскопия – арнайы аспаптар (офтальмоскоп немесе фундус-линзалар) көмегімен  көз түбін қарау, бұл торқабықты, көру нервісінің дискін, көз түбінің тамырларын бағалауға мүмкіндік береді).

Емдеу

Емдеуді ерте бастау қажет, себебі, ауру көруді жоғалтуға апаруы мүмкін.

Бүгінде АЖА емдеудің ең тиімді тәсілі - кортикостероидтарды (гормондарды) қолдану. Емдеу схемасын дәрігер тағайындайды. АЖА күмән болса да гормондарды тағайындау негізделген. Әдетте, емдеу басталғаннан кейін симптомдар тез жойылады.

 

Аурудың болжамы

АЖА кезінде науқастар үшін болжамы - оң. Әдетте, ауру өлім-жітімге апармайды. Аурудың барысы меңдейді, бірақ, уақытылы басталған емдеу науқастың жағдайын тұрақтандырады.

Мүмкін асқынулары

  • көруді ішінара немесе толығымен жоғалту
  • инсульт
  • миокард инфаркті
  • аортаның қабаттанатын аневризмасы

Қашан дәрігерге көріну қажет

Ұзақ уақыт бойы бас ауыруы болса, және олар өтпейтін болса, немесе АЖА басқа симптомдары болса, дәрігерге көріну қажет.

Алдын алу

Шаралары қарастырылмаған.

Бұл сайтта берілген ақпарат Сізді қызықтыратын мәселемен жалпы танысуға арналғандықтан ауруларды немесе денсаулыққа байланысты қандай да бір мәселелерді анықтау және емдеу үшін қорытынды негіздеме болмайды.
 
Ауруларды немесе денсаулыққа байланысты қандай да бір мәселелерді анықтау және емдеу үшін медициналық ЖОО аяқтағандығы жөнінде сәйкес дипломы бар дәрігерге көрініңіз. Шұғыл жағдайларда «Жедел жәрдем» қызметіне хабарласыңыз.